«Жеңістің» португалиялық экс-легионері – Нани туралы: барлық матчта ойнай алмайды
5 ақпан, 10:10
Фото: Луиш Нани
Өткен маусымда ҚПЛ-да өнер көрсеткен португалиялық жартылай қорғаушы Жуан Оливейра ASnews.kz сайтына берген сұхбатында өз отандасы Луиш Нанидің «Ақтөбеге» ауысуына қатысты пікір білдірді.
«Қазіргі кезде футболшылар өздерінің физикалық дайындығына көбірек мән береді. Егер ойыншы салауатты өмір салтын ұстанса, 40 жасқа дейін де жоғары деңгейде ойнай алады.
Әрине, Нани ұзақ уақыт бойы ресми матчтарға қатыспаған, бұл белгілі бір қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ оның қазіргі формасын көрсеңіздер, өзіне жақсы қарайтыны байқалады. Ол «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасындағы Нани деңгейінде болмаса да, әлі де командаға пайдасын тигізе алады деп ойлаймын. Себебі шеберлік ешқайда жоғалмайды», – деді Оливейра.
Сондай-ақ Жуан жаттықтырушылар штабы тәжірибелі ойыншыны қалай пайдалануы мүмкін екенін де болжады.
«Ол барлық матчта толық ойнай алмауы мүмкін. Бірақ кейбір кездесулерде маңызды рөл атқарады. Тіпті аз уақыт алаңға шықса да, оның аты мен тәжірибесі «Ақтөбе» футболшыларының дамуына және менталитетті қалыптастыруға көмектеседі», – деп түйіндеді португалиялық футболшы.
Жуан Оливейра 2024 жылғы маусымда елордалық «Жеңіс» клубының намысын қорғады. Ол елордалық команда сапында 13 матч өткізді. Бұған дейін Португалия мен Польша клубтарында ойнаған.
Айта кетейік, «Ақтөбе» ҚПЛ тарихындағы ең мықты трансферлердің бірін жасап, 39 жастағы португалиялық футболшымен келісімшартқа отырды.
Луиш Нани «Манчестер Юнайтед» сапында төрт рет Англия Премьер-лигасының чемпионы атанып, 2008 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ ол Португалия құрамасымен 2016 жылғы Еуропа чемпионы атанған. Мансабында «Спортинг», «Валенсия», «Фенербахче», «Лацио» және МЛС клубтарында өнер көрсеткен.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Азаматтық алуға дайынмын»: Қытайда туылған қазақ футболшысы – Еуропадағы ойыны және Зуевпен достығы жайында
2Нагучев – Ройстың «Ақтөбеге» ауысуы жайлы: бұл трансферге сенбеймін – ол Қазақстанға келмейді
3Турнирлік кесте
Қайрат
Астана
Тобыл
Елімай
Ақтөбе
Жеңіс
Ордабасы
Оқжетпес
Қызылжар
Ұлытау
Қайсар
Жетісу
Атырау
Тұран
Арсенал
Манчестер Сити
Астон Вилла
Ливерпуль
Брентфорд
Ньюкасл Юнайтед
Манчестер Юнайтед
Челси
Фулхэм
Сандерленд
Брайтон
Эвертон
Кристал Пэлас
Тоттенхэм
Борнмут
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Эспаньол
Бетис
Сельта
Атлетик Бильбао
Эльче
Райо Вальекано
Реал Сосьедад
Хетафе
Жирона
Севилья
Осасуна
Алавес
Мальорка
Валенсия
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Боруссия М
Кёльн
Вердер
Гамбург
Вольфсбург
Аугсбург
Майнц
Санкт-Паули
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Ювентус
Наполи
Рома
Комо
Аталанта
Лацио
Болонья
Удинезе
Сассуоло
Торино
Кремонезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Лечче
Фиорентина
Пиза
Верона
Ланс
ПСЖ
Марсель
Лилль
Лион
Ренн
Страсбур
Тулуза
Монако
Анже
Брест
Лорьян
Гавр
Ницца
Париж
Нант
Осер
Метц
Әлім Динасылов