Эдмилсон жарақат алды, Мата дайын. «Қайрат» құрамы маңызды матч алдында өзгерістерге ұшырады
26 тамыз, 09:32

Фото: Эдмилсон
«Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф раундында «Селтикке» қарсы қарымта ойыны қарсаңында негізгі құрамдағы тағы бір ойыншысынан айырылды, деп хабарлайды BorodAbata.kz (AS News).
Жаттыүу барысында жарақат алған бразилиялық шабуылшы Эдмилсонның алаңға шығу мүмкіндігі өте төмен. Осыған байланысты Рафаэль Уразбахтин Рикардиньо мен 18 жастағы Рамазан Бағдатқа сенім артады деп күтілуде.
Ал Луиш Мата, керісінше, бүгін ойнауға дайын. Дегенмен ол медициналық штабпен бірге ауырсынуды басатын дәрілердің көмегіне жүгінбек.
Бұған дейін алматылықтар Александр Заруцкий, Гиорги Зария және Дастан Сәтпаевтан айырылған еді. 17 жасьағы шаубылшы сары қағаздарының көптігіне байланысты алаңға шыға алмайды.
«Селтикке» қарсы кездесу бүгін «Орталық» стадионда өтеді. Ойынның басталуы – 21:45-те.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Селтик» шабуылшысы – ЧЛ-нан ұшқаны жайлы: бұл біз үшін апатты жағдай
1«Селтиктің» капитаны – «Қайраттан» жеңілгені жайлы: ұту үшін жеткілікті түрде әрекет жасамадық
2Жоржиньо: екі жыл бұрын фабрикада жұмыс істеп жүрдім, ал бүгін арманым орындалды
3Турнирлік кесте













































































































