Тигран Барсегян «Қайратқа» ауысуға жақын болған
18 тамыз, 12:56

Фото: Тигран Барсегян
Армения құрамасы мен «Слован Братиславаның» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян бір кездері алматылық «Қайратқа» ауысуға жақын болған екен, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
2019 жылдың аяғындағы маусымаралық кезеңде футболшы Алматыға, тіпті клубтың базасына келген. Дереккөздердің хабарлауынша, «Қайраттың» басшылығы оған келісімшарт бойынша ұсыныс жасаған. Алайда 2020 жылдың қаңтарында Барсегян «Астананы» таңдап, солармен келісімшарт жасасты.
Екі жылдан кейін, 2022 жылдың қаңтарында армениялық футболшы елордалық клубтан еркін агент ретінде кетіп, Братиславаның «Слован» клубына ауысты.
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуде «Слован» пенальти сериясында «Қайратқа» ұтылды (3:4). Барсегян матч бойы ойнап, пенальти сериясында мүмкіндігін пайдалана алмады.
Бірінші ойын алматылықтардың минималды жеңісімен аяқталды. Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі, ал «Слован» Еуропа лигасында швейцариялық «Янг Бойзбен» ойнайды.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Эксперт – «Селтик»–«Қайрат» матчы туралы: шотландиялықтарда форвард пен артқы жартылай қорғаушы жоқ
2Турнирлік кесте













































































































