Матч орталығы
Исмаил Бекболат Конференция лигасындағы «Мьельбюге» қарсы матчқа дайындығы туралы айтты
25 қараша, 14:43

Фото: Исмаил Бекболат
Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Исмаил Бекболат УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші туры аясында швециялық «Мьельбюге» қарсы өтетін матч алдындағы баспасөз мәслихатында команданың дайындығы мен өткен маусымның қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Өзім үшін өте жақсы маусым болды. Маусымды «Қайрат-Жастарда» бастадым, ол жерде ойнадым, өзімді көрсете алып, негізгі командаға келуге мүмкіндік алдым. Сол мүмкіндікті жақсы пайдаланып, ұлттық құрамаға шақырту алдым.
Ойын тәжірибесінің жетіспеушілігіне келсек, командадағы атмосфера өте керемет, бәрі жақсы, екіжақты ойын өте сәтті өтті. Қарсылас туралы айтсақ, олар өте мықты ұжым, ойындарын қарадық, мұқият дайындалдық. Ертеңгі ойынға дайынбыз деп ойлаймын», – деді Бекболат.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Мьельбю» арасындағы Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші тур кездесуі бейсенбі, 26 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 20:30-да басталады. Үш турдан кейін алматылық клуб екі ұпаймен жалпы кестеде 27-орында тұрса, «Мьельбю» (7 ұпай) тоғызыншы сатыда келеді.
«Ойында да, жүйеде де өзгерістер болады»: Арутюнян – «Мьельбюге» қарсы дайындық туралы
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Мадияр Бескемпір