Матч орталығы
Қайрат—Мьельбю: Конференция лигасы матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады
25 қараша, 13:16

Фото: «Қайрат» ФК
26 қарашада Алматыда УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші туры аясындағы матч өтеді: «Қайрат» швециялық «Мьельбю» клубын қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Ойын қайда және сағат нешеде өтеді?
Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 20:30-да басталады.
Трансляцияны қайдан көруге болады
Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді, сондай-ақ онлайн-трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді болады. Бұдан бөлек, матчты Freedom Media стримингтік платформасынан тамашалауға болады.
Командалардың бабы
Конференция лигасы жалпы кезеңінің үш турынан кейін «Қайрат» екі ұпаймен турнир кестесінде 27-орында тұр (екі тең ойын мен бір жеңіліс, доп айырмасы – 3:7) және түйіспе матчтар аймағынан тек доп айырмасы бойынша ғана қалып келеді. Қонақтар жеті ұпай жинап (екі жеңіс пен бір тең ойын, доп айырмасы – 5:1), тоғызыншы сатыда орналасқан.
Негізгі кезеңдегі алғашқы үш турда алматылық ұжым сырт алаңда «Ригамен» (1:1) және италиялық «Аталантамен» (1:1) тең түссе, өз алаңында грекиялық «Панатинаикосқа» (1:5) есе жіберді. Айта кетейік, ҚПЛ-дағы 2026 жылғы маусым қазан айының соңында мәресіне жеткендіктен, Жора Арутюнян шәкірттері Бергамодағы кездесуден бері үш апта бойы ресми ойын өткізген жоқ.
Швециялық «Мьельбю» турнирде әлі жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ: команда өз алаңында андорралық «Интер» (2:0) мен босниялық «Борацты» (2:0) жеңіп, сырт алаңда грузиялық «Иберия 1999» клубымен (1:1) тең ойнады. Швеция чемпионатының соңғы турында 21 қарашада «Мьельбю» өз алаңында «Мальмемен» 1:1 есебімен тең тарқасты.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Ахмет Ержанов