Матч орталығы
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов «Сабахтың» Чемпиондар лигасына арналған өтініміне енді
2 қыркүйек, 18:02

Фото: Стас Покатилов
Әзербайжандық «Сабах» клубы 2026/2027 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған ресми өтінімін бекітті, деп хабарлайды ASnews.kz УЕФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бакулік ұжымның қорытынды тізіміне 26 футболшы енді, олардың арасында команда капитаны міндетін атқаратын 33 жастағы қазақстандық қақпашы Стас Покатилов бар. Бапкерлік штаб өтінімге барлығы төрт қақпашы, жеті қорғаушы, тоғыз жартылай қорғаушы және алты шабуылшыны қосқан.
Қазақстан құрамасының тәжірибелі қақпашысы Стас Покатилов әзербайжандық клубқа өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтуге көмектесті. Турнирдің іріктеу кезеңінде 33 жастағы голкипер барлық алты кездесуді (540 минут) алмастырусыз өткізіп, жеті доп жіберіп алды. Жалпы кезең аясында бакулік ұжымның басты қарсыластары «Манчестер Юнайтед», «Барселона» және дортмундтық «Боруссия» сияқты еуропалық грандтар болмақ.
«Барселонаның» Әзербайжанға қашан келетіні белгілі болды: «Сабахтың» ЧЛ-дағы күнтізбесі жарияланды
Әлім Динасылов