Матч орталығы
Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» РПЛ матчында «Рубиннен» жеңіліп қалды
21 қараша, 21:34

Фото: Нұрәлі Әліп
Санкт-Петербургтің «Зениті» РПЛ 15-турында сырт алаңда қазандық «Рубинге» 1:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп қонақтардың негізгі құрамында алаңға шығып, 90 минут толық ойнады.
Алаң иелері 27-минутта есеп ашты: «Зенит» қақпашысы Богдан Москвичев Эдди Сальседоның пенальтиден тепкен добын қайтарғанымен, қайтқан допқа бірінші жеткен Ульви Бабаев мергендік танытты. Үш минуттан соң Игор Вуячич қазандықтардың басымдығын еселей түсті. Екінші таймның басында Педроның пасынан кейін Луис Энрике есеп айырмасын қысқартқанымен, 67-минутта Велдин Ходжа кездесудің нүктесін қойды.
Жеңіліске қарамастан, «Зенит» 31 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінде бірінші орнын сақтап қалды (мәскеулік «Динамода» дәл осындай ұпай және бір ойын артық бар). Ал «Рубин» 21 ұпай жинап, жетінші орынға көтерілді. Келесі турда, 28 қараша күні петерборлықтар сырт алаңда ЦСКА-мен кездеседі.
Ахмет Ержанов