Матч орталығы
Дастан Сәтпаевтың клубы трансфер ережесін бұзды деп айыпталды: «Бернлиге» санкция қаупі төніп тұр
16 қазан, 10:28

Фото: Дастан Сәтпаев
Англия футбол қауымдастығы (FA) қазақстандық Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» клубы мен футбол агенттерінің біріне заңсыз әрекетке барды деген күдікпен айып тақты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Айыптаулар бір нақты келісім аясында Футбол қауымдастығының агенттермен жұмыс істеу регламентін бұзуға қатысты болып отыр. Тергеу жұмыстары 2025 жылдың жазында жүзеге асқан клуб академиясындағы ойыншының трансферіне байланысты жүргізілуде.
FA мәлімдемесіне сәйкес, англиялық клуб пен аты аталмаған агент 2026 жылдың 3 қарашасы, сейсенбіге дейін тағылған айыптар бойынша өздерінің ресми жауаптары мен түсініктемелерін беруі тиіс.
Қазақстан құрамасынан үміткер еурокубокта «Наполиді» ірі есеппен жеңді
Ахмет Ержанов