Матч орталығы
Қазақстан құрамасынан үміткер еурокубокта «Наполиді» ірі есеппен жеңді
16 қазан, 08:08

Фото: Роман Мартин
«Вильярреал» академиясының 18 жастағы қорғаушысы Роман Мартин УЕФА Жасөспірімдер лигасы аясында италиялық «Наполиге» қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Тегі қазақстандық орталық қорғаушы УЕФА Жасөспірімдер лигасының екінші турының ойынын негізгі құрамда бастады. «Наполи» U-19 ойыншыларына бірде-бір дәл соққы жасауға мүмкіндік бермеген испаниялық клуб қарсылас қақпасына жауапсыз бес доп соқты.
Осылайша, «Вильярреал» еурокубоктың жалпы кезең кестесінде екінші орынға көтерілді. Келесі матчта олар футбол мектебі Англиядағы ең мықтылардың бірі саналатын «Ливерпульмен» күш сынасады.
Еске салайық, Роман Мартин валенсиялық команда қатарына биылғы жылдың қыркүйек айында қосылды. Анасы Қазақстанда туған футболшы бұған дейін «Леванте» сапында өнер көрсетіп, онда Алдияр Нұрғалимен командалас болған еді.
Куртуа, Сафоновпен бір қатарда: Покатилов Чемпиондар лигасындағы үздік қақпашылардың қатарына кірді
Әлишер Аманжол