Матч орталығы
Сәтпаевтың клубы жаңа спорт директорын тағайындамақ: басты үміткердің есімі белгілі болды
11 қазан, 16:23

Фото: Диего Лопес
«Бернли» жаңа спорт директорын тағайындауға жақын, деп хабарлайды ASnews.kz BurnleyExpress басылымына сілтеме жасап.
Соңғы күндері «Бернли» «Дженоада» спорт директоры қызметін атқарған Диего Лопесті шақыру нұсқасын қарастырып жатқаны туралы ақпарат тарады.
Италиялық клуб маманның қызметінен кеткенін ресми түрде растады.
«Дженоа» клубы Диего Лопеспен кәсіби қарым-қатынастың аяқталғанын хабарлайды. Ол клубтың спорт директоры қызметінен кетті», – делінген ресми мәлімдемеде.
Диего Лопес «Дженоада» 2025 жылдың қараша айынан бері ғана жұмыс істеді. Бұған дейін ол «Монако», «Лилль», «Эксельсиор Мускрон» және «Бордо» клубтарында бас скаут қызметін атқарған. Сондай-ақ «Ланс» клубында спорт директоры болып жұмыс істеген.
«Бернли» клубының басшысы Алан Пейс сәуір айында жанкүйерлердің консультативтік кеңесімен өткен кездесуде клубтың біраз уақыттан бері спорт директорын іздеп жүргенін айтқан болатын.
Кеше «Бернли» Чемпионшиптің 9-туры аясында «Уотфордты» 4:0 есебімен ұтып, осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Дастан Сәтпаев ойынды қосалқы құрамнан бастап, 74-минутта алаңға шықты.
Ернар Ламқадыров