Матч орталығы
«Жылдамдығы мен дриблингі тамаша»: «Бернли» ойыншысы Дастан Сәтпаев туралы
10 қазан, 23:28

Фото: Дастан Сәтпаев және Рео Хатате
Ағылшындық «Бернлидің» жапондық жартылай қорғаушысы Рео Хатате ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың өнеріне баға берді.
«Ол – жақсы ойыншы. Жылдамдығы жоғары, дриблингі де тамаша. Дастан әлі жас, сондықтан оның болашағы зор деп есептеймін. Онымен қарым-қатынасымыз да өте жақсы», – деді Хатате.
Еске салайық, Чемпионшиптің тоғызыншы турында Ники Хайен жаттықтыратын «Бернли» сырт алаңда «Уотфордты» 4:0 есебімен тас-талқан етіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Бұл ойында Хатате мергендігімен көзге түссе, Сәтпаев 74-минутта қосалқы құрамнан алаңға қосылып, Джейми Вардиге нәтижелі пас берген еді, алайда төреші офсайд тіркеп, гол есепке алынбады.
Айта кетейік, Хатате мен Сәтпаев өткен маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде қарсылас ретінде кездескен болатын. Ол кезде қазақстандық шабуылшы «Қайрат» сапында, ал жапондық ойыншы шотландиялық «Селтик» құрамында өнер көрсеткен. Қыркүйек айының басында Рео Хатате «Бернлимен» келісімшартқа отырып, Сәтпаевпен бір командада ойнай бастады.
«Өте жақсы ойыншы»: Джейми Варди Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді
Ерғанат Қабдұлқақ