Матч орталығы
«Өте жақсы ойыншы»: Джейми Варди Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді
10 қазан, 22:05

Фото: Джейми Варди және Дастан Сәтпаев
Ағылшындық «Бернлидің» 39 жастағы шабуылшысы Джейми Варди ASnews.kz сайтына берген шағын сұхбатында қазақстандық командаласы Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді.
«Ол – жақсы, өте жақсы ойыншы», – деп қысқа қайырды Варди.
Еске салайық, Чемпионшиптің тоғызыншы турында Ники Хайен жаттықтыратын «Бернли» «Уотфордты» 4:0 есебімен тас-талқан етіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Жеңімпаз команда сапында Бруун Ларсен, Амдуни, Хатате және Эдвардс мергендік танытты. Ал қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 74-минутта қосалқы құрамнан алаңға қосылып, матч соңында Джейми Вардиге нәтижелі пас берген еді, алайда төреші офсайд тіркеп, гол есепке алынбады.
Айта кетейік, Джейми Варди – футбол әлеміндегі танымал тұлғалардың бірі. Ол 2015/16 жылғы маусымда Англия чемпионы әрі маусымның үздік ойыншысы атанған. Сондай-ақ Англия Кубогы мен Суперкубогының иегері. «Бернлиге» дейін тәжірибелі шабуылшы италиялық «Кремонезе» сапында өнер көрсеткен.
Ерғанат Қабдұлқақ