Матч орталығы
«Жеңіс үшін бар күшімді саламын»: «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Покатилов командасына қарсы матч туралы
24 қараша, 21:01

Фото: Френки де Йонг
Испаниялық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында қақпасын Қазақстан құрамасының голкипері Стас Покатилов қорғайтын әзербайжандық «Сабахқа» қарсы сырт алаңда өтетін матч алдындағы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Менің ойымша, әр матчты жақсы бастау өте маңызды. Ертеңгі қарсыласымыз «Сабах» – әдетте шабуылдарын қорғаныстан бастап құруға тырысатын және доппен жақсы ойнайтын команда. Сондықтан біз де, әдеттегідей, сапалы ойын көрсетіп, жеңіске жету үшін бар күшімізді салуымыз керек.
Жарақат пен жазда болған жағдай туралы бұған дейін көп айттым. Сондықтан бұл тақырыпқа қайта оралғым келмейді. Бірақ бас бапкермен қарым-қатынасым жақсы. Қазір өзімді тамаша сезініп жүрмін, физикалық тұрғыдан да күшім жеткілікті. Бар назарымды қазіргі жағдайға аударуға тырысып жатырмын», – деді де Йонг.
Еске сала кетейік, «Сабах» пен «Барселона» арасындағы кездесу сейсенбі, 25 қараша күні Баку Олимпиада стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:45-те (жергілікті уақытпен 21:45-те) басталады.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов