Матч орталығы

Ислам Чесноковтың жаңа клубы танымал комментаторды сотқа бермек: үлкен жанжал өршіп барады

23 тамыз, 15:07

Ислам Чесноковтың жаңа клубы танымал комментаторды сотқа бермек: үлкен жанжал өршіп барады

Фото: Ислам Чесноков

Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков өнер көрсететін самарлық «Крылья Советов» спорт тележүргізушісі әрі комментатор Дмитрий Губерниевке қарсы сотқа шағым түсіруге дайын, деп хабарлайды ASnews.kz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.

Түсініспеушілік Ресей кубогы аясындағы «Зенитке» қарсы матчта (0:0, пен. 3:5) орын алды. Эпизодтардың бірінде петерборлықтардың қорғаушысы Роман Веги өзінің командаласы Нұралы Әліппен соғысып қалып, басынан жарақат алды. «Крылья» ойыншылары төрешінің ойынды тоқтатқанына наразылық білдіргенде, Губерниев «Матч ТВ» тікелей эфирінде самарлықтардың мекенжайына ауыр сөздер айтты:

«Футболшы жерде жатыр, басын ұстап алған. «Крылья Советов» ойыншыларына сұрақ: төрешіге не үшін кінә артып тұрсыңдар? Алаңда өздеріңді шошқа сияқты ұстап жүрсіңдер!».

Самарлық клуб «Матч ТВ» және «Газпром-Медиа Холдинг» басшылығына кешірім сұрауды талап етіп ресми өтініш жіберді, алайда тележүргізушінің өзі айтқан сөздері үшін өкінуден бас тартты.

«Біз ресми өтінішімізге «Матч ТВ» немесе «Газпром-Медиа Холдинг» басшылығы тарапынан жауап күтеміз. Егер бұл жауап болмаса немесе қалыптасқан жағдайда біз күткендей нәтиже бермесе, клубымыз әділ шешімге қол жеткізу үшін телеарна жүргізушісіне қарсы сотқа шағым түсіруге дайын. Бірақ істің бұған дейін жетпегенін өте қатты қалаймыз. Біз тек бір адамның кесірінен туындаған жанжалдың өршуіне мүдделі емеспіз және бұл мәселенің тезірек шешілуін күтеміз», – деп мәлімдеді «Крылья Советов» баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының 26 жастағы вингері Ислам Чесноков осы трансферлік кезеңде қостанайлық «Тобылдан» «Крылья Советов» жалға ауысты.

«Зенит» ойыншысының жарақат алуымен аяқталған атышулы эпизодқа Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп де тікелей қатысып, өз командаласымен соқтығысып қалған болатын.

Ислам Чесноков: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. «Крылья Советовке» ауысуы

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 16:58

Чесноков дебюттік ойында төмен баға алды

Бүгін, 14:53

Сәтпаев – қосалқы құрамда: «Вест Бромвич»—«Бернли» матчының бастапқы құрамдары белгілі болды

Бүгін, 14:15

Ақша бар, жеңіс жоқ: қазақстандық миллиардердің клубы Англияда сүрінді

Бүгін, 11:56

Сәтпаев дебют жасауы мүмкін: «Бернлидің» «Вест Бромвичке» қарсы матчы алдында не белгілі?

Бүгін, 09:44

«Манчестер Сити»—«Борнмут»: АПЛ ойынына болжам мен бәс тігу

Кеше, 21:02

«Дәрігерлер әзірге рұқсат бермей отыр»: Черчесов Самородовтың «Ростовқа» қарсы матчқа неге қатыспайтынын түсіндірді

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  23 тамыз, 16:58

Чесноков дебюттік ойында төмен баға алды

1
Халықаралық футбол  23 тамыз, 15:07

Ислам Чесноковтың жаңа клубы танымал комментаторды сотқа бермек: үлкен жанжал өршіп барады

2
Халықаралық футбол  23 тамыз, 14:53

Сәтпаев – қосалқы құрамда: «Вест Бромвич»—«Бернли» матчының бастапқы құрамдары белгілі болды

3
Халықаралық футбол  23 тамыз, 14:15

Ақша бар, жеңіс жоқ: қазақстандық миллиардердің клубы Англияда сүрінді

4
Халықаралық футбол  23 тамыз, 11:56

Сәтпаев дебют жасауы мүмкін: «Бернлидің» «Вест Бромвичке» қарсы матчы алдында не белгілі?

5
Халықаралық футбол  22 тамыз, 21:02

«Дәрігерлер әзірге рұқсат бермей отыр»: Черчесов Самородовтың «Ростовқа» қарсы матчқа неге қатыспайтынын түсіндірді

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
22
16
4
2
27
52
2
ҚайратҚайрат
21
14
6
1
27
48
3
АстанаАстана
21
11
6
4
12
39
4
ОқжетпесОқжетпес
22
10
6
6
3
36
5
АқтөбеАқтөбе
22
10
5
7
6
35
6
ЕлімайЕлімай
21
8
8
5
5
32
7
ҰлытауҰлытау
22
7
7
8
-6
28
8
ЖеңісЖеңіс
21
6
8
7
-3
26
9
ТобылТобыл
21
7
4
10
-5
25
10
КаспийКаспий
22
6
5
11
-7
23
11
ҚызылжарҚызылжар
22
6
5
11
-8
23
12
АтырауАтырау
21
3
11
7
-6
20
13
ҚайсарҚайсар
21
3
11
7
-8
20
14
АлтайАлтай
22
4
7
11
-13
19
15
ЖетісуЖетісу
22
4
7
11
-14
19
16
ЕртісЕртіс
21
3
8
10
-10
17