Матч орталығы
«Ақтөбе» легионері: «Ордабасымен» өткен ойынды ұмытқым келеді
8 қараша, 10:28

Фото: Даниэль Соса
«Ақтөбе» мен Нигер құрамасының шабуылшысы Даниэль Соса ASnews.kz сайтына берген сұхбатында биылғы маусымға қысқаша қорытынды жасады.
– Өткен маусымдағы мақтан тұтатын матчыңыз.
– Сырт алаңда «Қайсарға» қарсы өткен және біз 2:1 есебімен жеңіске жеткен матч.
– Қай ойынды ұмытқыңыз келеді немесе қайта өткізгіңіз келеді?
– Өз алаңымызда «Ордабасыдан» 1:3 есебімен жеңілген ойын.
– Биылғы жылдан түйген басты сабағыңыз қандай?
– Өз болмысымды сақтап, ешқашан берілмеуді үйрендім.
– «Ақтөбеде» өнер көрсетуді жалғастырасыз ба?
– Иә, клубпен жарамды келісімшартым бар. Жанкүйерлер мен команда үшін барымды салуға дайынмын.
Даниэль Соса 2025 жылдың жазында украиналық «Кривбасс» клубынан «Ақтөбеге» ауысқан болатын. Өткен маусымда 28 жастағы шабуылшы 22 матчқа қатысып, сегіз гол соқты, бес нәтижелі пас берді. Ол қажет болған жағдайда вингер ретінде де ойнай алады. Футболшының клубпен келісімшарты желтоқсан айының соңына дейін жарамды.
Айта кетейік, ҚПЛ-дың 23-туры аясында «Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу үлкен дауға ұласқан еді. Матчтың бас төрешісі Антон Кучма есепті 2:2 етуі мүмкін болған африкалық шабуылшының голын есепке алмады.
Бұған қоса, Сергей Малыймен болған эпизодтан кейін туындаған дау кезінде төреші Сосаға сары қағаз көрсетіп, бұл шешім де қызу талқыланды.
Әлишер Аманжол