Матч орталығы
«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы
11 қараша, 11:58

Фото: Нұрсұлтан Құрман
Қазақстан футзал ассоциациясының (ҚФА) президенті Нұрсұлтан Құрман 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ұлттық құраманың Беларусьтен сырт алаңда ірі есеппен жеңілуінен (1:5) кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Мен қонақтағы матчқа бара алмай елде қалдым. Құрамамен бірге бола алмадым. Себебін себепкерлер айта қоймас! Уәде еткен еді. Тұра алмады. Құрама ОЖЖ қалай өткізгенін тек телефон арқылы біліп отырдым. Құрамаға жетекші еткені жайына қалды. Үйдегі жеңістен кейін араласпа деді. Ал, нәтижеге кез-келген ұсақ-түйек әсер етеді. Әңгіме көп…
Футзалды мойындағысы келмейтін, ел үшін маңыздылығын түсінбейтіндерге айтып шаршадым! Билік соларда. Ертерек жазайын деп едім – нәтижеге әсер етесің деп кінәлай ма дедім... Басқа алып қосарым жоқ», – деді Құрман Instagram желісінде.
Еске сала кетейік, 10 қарашада футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Беларуське 1:5 есебімен ойсырай есе жіберді. Қазақстандықтар сапынан жалғыз голдың авторы Ринат Төреғазин болды.
Нұрсұлтан Құрман ҚФА президенті лауазымына 2025 жылдың 11 шілдесінде тағайындалды және 2026 жылғы қайта ұйымдастырудан кейін оның лауазымы өзгерген жоқ.
Ахмет Ержанов