Матч орталығы
Әшірбек – Словакиядан жеңілу туралы: тең есепке ойнаймыз деген тапсырма болған жоқ
30 қыркүйек, 10:26

Фото: Арсен Әшірбек
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Арсен Әшірбек ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттар лигасының екінші турында Словакиямен (1:2) болған ойын жайлы пікірімен бөлісті.
Бүгін барымызды салып ойнадық. Осыған да шүкір. Қолдап келген жанкүйерлерге рақмет.
Ойынға келсек, Словакия тәжірибе жағынан басым болды деп ойлаймын. Біз жақсы шабуылдар ұйымдастырып, оларға қарағанда қауіпті сәттер жасай алдық. Енді алдағы матчтарға дайындаламыз.
Күтеміз, тең есепке ойнаймыз деген тапсырма болған жоқ. Бапкер прессинг жасаңдар деп айтты, болмаса, қарымта шабуылмен ойнаймыз деді. Барынша солай ойнауға тырыстық. Бапкердің идеялары да, ойыншылармен тіл табысу жағы да жақсы.
Алдағы екі ойында алты ұпай аламыз деп ойлаймын. Бар күшімізді саламыз. Жанкүйерлерді қолдауға шақырамын.
Қазақстан құрамасы Кошицеде өткен Ұлттар лигасының екінші тур ойынында Словакияға 1:2 есебімен есе жіберді. Ұлттық құрама сапында жалғыз голды 35-минутта Рамазан Кәрімов соққан болатын.
Джон ван’т Схип шәкірттері келесі ойынын 2 қазанда Молдоваға қарсы өткізеді.
Әлім Динасылов