Матч орталығы
«Бейнеқоңырау соғуды ұсынды»: Нұралы Әліп – Қазақстан құрамасының жаңа бапкері туралы
24 қыркүйек, 14:52

Фото: Нұралы Әліп
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы әрі капитаны Нұралы Әліп Ұлттар лигасының алдағы матчтарына шақырту алғанынп қатысты әсерімен бөлісті және команданың жаңа бас бапкері Джон ван’т Схиппен таныстығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Мен ұлттық құрама дегенде жанымды беретіндердің бірімін. Құрама матчтарын үнемі асыға күтемін, күн санап жүремін. Тіпті басшылықтан: «Маған билет алып қойдыңдар ма?» деп сұраймын. Оған қоса маған жаңа бапкер өте қызық – оның қандай болатынын, жаңа тактикалық схемалар пайда бола ма, соны білгім келеді.
Мен ол туралы Елдостан (Елдос Ахметов – ред. ескерт.) сұрастырып жүрмін. Бапкер бейнеқоңырау арқылы сөйлесуді ұсынды, бірақ ағылшынша қатты сөйлей алмайтындықтан, мен құрамада келгенде жеке танысып, сөйлескеніміз дұрыс болар деп жауап бердім», – деді Әліп «Кинопоискке» берген сұхбатында.
Ұлттар лигасының жаңа маусымы аясында Қазақстан құрамасы С дивизионында өнер көрсетеді. Топта қазақстандықтардың қарсыластары Фарер аралдары, Молдова және Словакия командалары болды. Ұлттық құрама өзінің алғашқы матчын 26 қыркүйекте сырт алаңда фарерліктерге қарсы өткізеді.
Тамыз айында Қазақстан құрамасын голландиялық маман Джон ван’т Схип тізгіндеді. Бұған дейін ол амстердамдық «Аяксте» жұмыс істеген, сондай-ақ Армения ұлттық құрамасын баптаған.
Ахмет Ержанов