Матч орталығы
«Ақтөбе» бапкері Черевченко Нанимен қоштасты: одан өзім де жаңа дүниелерді үйрендім
31 қазан, 19:28

Фото: Луиш Нани және Игорь Черевченко
«Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Черевченко ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы шабуылшысы Луиш Нанидің тәжірибесінен көп нәрсе үйренгенін мойындады.
– Нани «Ақтөбеден» кететінін жариялағаннан кейін, көптеген жанкүйерлер оның клубқа ассистент ретінде қайта оралуы мүмкін екенін қиялдай бастады. Ал сіз португалиялықтың бапкерлік әлеуетін қалай бағалайсыз?
– Оның жиған-терген тәжірибесі мол. Баға жетпес тәжірибе. Жаттығу барысында маған да Луишпен пікір алмасу қызық болды, өйткені ол түрлі бапкерлердің қол астында жұмыс істеген. Мен одан басқа елдерде қалай жаттықтыратынын сұрап білдім, себебі адам үнемі үйреніп, ізденуі керек. Адам өзін бәрін білемін деп ойлаған сәттен бастап, қоғамға қызықсыз болып қалады. Ұялудың қажеті жоқ – бәрін сұрап, білу керек, бірақ мұны кім қалайды?
Еске салайық, ҚПЛ-дың 30-туры аясындағы «Тобылға» қарсы матч (3:2) 39 жастағы вингер Луиш Нани үшін «Ақтөбе» сапындағы соңғы ойын болды. Жалпы алғанда, португалиялық 26 ойынға қатысып, үш гол соқты және бес нәтижелі пас берді.
Игорь Черевченконың командасы чемпионат кестесінде бесінші орынмен мәреге жетті. Оның үстіне, 52 жастағы маман денсаулығына байланысты ота жасататындықтан, «ақ-қызылдармен» қоштасуы мүмкін.
Әлишер Аманжол