Матч орталығы
Игорь Черевченко «Ақтөбеден» кетуі мүмкін
31 қазан, 17:34

Фото: Игорь Черевченко
«Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Черевченко ҚПЛ-2026 маусымының қорытынды турында қостанайлық «Тобылды» сырт алаңда жеңгеннен кейін (3:2) өзінің болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Клубпен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отырмын ба? Ең алдымен, тіземдегі мәселені шешіп алуым керек – әрі қарай соған қарап әрекет етеміз», – деді Тәжікстан тумасы Қостанайдағы матчтан кейін.
Маманға тізе буынын толықтай ауыстыратын күрделі хирургиялық ота жасалады. Черевченко 2025 жылдың соңында дәл осы отаның қажеттілігіне байланысты душанбелік «Истиклолдың» бас бапкері қызметінен кеткен еді, алайда оны жасатуға тек енді ғана түпкілікті шешім қабылдап отыр.
Қазақстан премьер-лигасының қорытынды 30-турында «Ақтөбе» Қостанайда «Тобылдан» 3:2 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Ойын барысында алаң қожайындары алға шыққанымен, Иван Ордецтің голы қонақтарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді, ал 94-минутта Темірлан Ерланов ақтөбеліктерге жеңіс сыйлады. 2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 49 ұпай жинап, бесінші орынға табан тіресе, қостанайлықтар 41 ұпаймен жетінші сатыға жайғасты.
Чемпион жеңіліс тапты, «Жетісу» мен «Қайсар» төменгі топқа түсті: ҚПЛ-2026 маусымы қалай аяқталды
Ахмет Ержанов