Матч орталығы
«Ақтөбе» иесі ҚПЛ-дың орнына теннисті таңдады: толығырақ
25 қазан, 16:11

Qazaq Stroy құрылыс компаниясының басшысы әрі «Ақтөбе» футбол клубының қожайыны Нұрлан Артықбаев Almaty Open теннис турниріне барды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бизнесмен өзге клубтың, атап айтқанда «Ордабасының» иесі Шахмұрат Мүтәліптің жанында байқалды. Кәсіпкерлер Даниил Медведев пен Николоз Басилашвили арасындағы ерлер турнирінің финалын тамашалаған.
Еске салайық, бүгін сағат 18:00-де «Ақтөбе» ҚПЛ-дың 29-туры аясында «Қайратқа» қарсы ойын өткізеді. Бұл кездесу чемпиондық бәсекеде шешуші болуы мүмкін: «Ақтөбе» жеңіске жеткен немесе тең түскен жағдайда, шымкенттік «Ордабасы» алтын медаль иегері атанады. Ал «Қайрат» жеңіске жетсе, барлығы соңғы турда шешіледі: ол кезде «Ордабасы» Павлодарда «Ертісті» ұтуы қажет болады.
Ахмет Ержанов