Матч орталығы
«Каспий» көшбасшысы команда ауыстыруы мүмкін: толығырақ
22 қазан, 13:11

Фото: Павел Седько
«Каспий» мен Беларусь ұлттық құрамасының қаптал шабуылшысы Павел Седько ҚПЛ-дың басқа клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ертістің» экс-футболшысы Астанаға жетіп, премьер-лига клубтарының бірімен ауысу туралы келісімге келді. Айта кетейік, беларусьтік вингер – бәсекелестердің қызығушылығын тудырған «Каспийдің» жалғыз легионері емес.
Еске салайық, Павел Седько ақтаулық команда сапына биылғы жылдың маусым айында қосылған болатын. Ол ҚПЛ-дағы 27 матчта алты гол соғып, бес нәтижелі пас берді.
Демченко Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыра ма? «Жеңістің» экс-бапкері өз жауабын айтты
Әлишер Аманжол