Матч орталығы
ҚПЛ-да тағы да өзгеріс: бірінші лигаға ешкім ұшпай, клубтар саны 18-ге артуы мүмкін
12 қазан, 14:30

Қазақстандық спорт журналисі Ермұхамед Мәулен ҚПЛ-дағы командалар саны тағы да көбеюі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Маған салса, ҚПЛ-дағы клубтар санын сегізге дейін қысқартар едім. Қазір Премьер-лигада ойнайтын командалар санын 16-дан 18-ге көбейту туралы әңгіме шықты. Сонда биыл бірінші лигаға ешкім ұшпайды, ал ол жақтан екі инвестордың командасы – «Шахтер» мен «Тұран» келеді. Осындай инвесторлар клубтарды сатып алып жатқан кезде, ҚПЛ-дағы қатысушылар санын көбейтпейміз бе деген әңгіме пайда болды. Негізі жақсы идея, бірақ стадион мәселесі қалай болар екен?» – деді Мәулен «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.
Биыл Тимур Турлов иелік ететін «Шахтер» мерзімінен бұрын бірінші лига чемпионы атанып, Премьер-лигаға шықты. Ал екінші жолдамаға Дінмұхамет Ыдырысовтың «Тұраны» ие болды.
Ернар Ламқадыров