Матч орталығы

Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ЕртісЕртіс
0:2Аяқталды
ҚызылжарҚызылжар
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ТобылТобыл
2:1Аяқталды
АстанаАстана
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ЕлімайЕлімай
1:3Аяқталды
АқтөбеАқтөбе
Хоккей
РесейКХЛ
БарысБарыс
5:1Аяқталды
АвангардАвангард
Футбол
АнглияЧемпионшип
Вест БромвичВест Бромвич
0:1Аяқталды
БирмингемБирмингем
Футбол
АнглияПремьер-лига
АрсеналАрсенал
2:1Аяқталды
ЛидсЛидс
Футбол
АнглияЧемпионшип
ЧарльтонЧарльтон
1:1Аяқталды
Бристоль СитиБристоль Сити
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ҚайратҚайрат
1:0Аяқталды
ЖетісуЖетісу
Футбол
ИспанияЛа Лига
Райо ВальеканоРайо Вальекано
17:00Бүгін
Атлетик БильбаоАтлетик Бильбао
Футбол
ИталияА сериясы
ДженоаДженоа
2:1Аяқталды
ФиорентинаФиорентина
Футбол
ГерманияБундеслига
УнионУнион
1:0Аяқталды
ЭльверсбергЭльверсберг
Футбол
ГерманияБундеслига
ХоффенхаймХоффенхайм
2:3Аяқталды
ГамбургГамбург
Футбол
ГерманияБундеслига
МайнцМайнц
3:4Аяқталды
БайерБайер
Футбол
ГерманияБундеслига
ПадерборнПадерборн
0:2Аяқталды
ШтутгартШтутгарт
Футбол
ГерманияБундеслига
АугсбургАугсбург
2:2Аяқталды
БаварияБавария
Футбол
АнглияПремьер-лига
СандерлендСандерленд
0:2Аяқталды
БрайтонБрайтон
Футбол
АнглияПремьер-лига
Астон ВиллаАстон Вилла
2:2Аяқталды
БрентфордБрентфорд
Футбол
АнглияПремьер-лига
ЧелсиЧелси
5:1Аяқталды
БорнмутБорнмут
Футбол
АнглияЧемпионшип
БолтонБолтон
1:2Аяқталды
СтокСток
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ЖеңісЖеңіс
1:2Аяқталды
АтырауАтырау

Уразбахтин «Жетісуды» жеңгеннен кейін ЧЛ мен ҚПЛ-ды салыстырды: эмоция бұрынғыдай емес

10 қазан, 19:49

Уразбахтин «Жетісуды» жеңгеннен кейін ЧЛ мен ҚПЛ-ды салыстырды: эмоция бұрынғыдай емес

Фото: Рафаэль Уразбахтин

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында талдықорғандық «Жетісуға» қарсы өткен ауыр жеңісті матчты (1:0) қорытындылап, үш апталық халықаралық үзілістің команда жағдайына әсерін бағалады және алдағы тығыз күнтізбеге дайындық туралы айтып берді.

– Біз үшін өте маңызды үш ұпай, өте маңызды жеңіс. Алдыңғы екі жеңілісті ескерсек, жеңісті серияға шығу қажет болды. Ойынға байсалды дайындалдық, қарсыластың жаралы аңдай екенін түсіндік. Турнирлік кестенің соңында тұрғандықтан, олар бізден ұпай алу үшін барын салды. Матч дәл осылай өтеді деп күттік: қарсылас қорғанысқа жатып, қарым-та шабуылдар мен стандартты жағдайлардан бақ іздейді деп ойладық. Олардың ішкі мәселелерін ескерсек, оңай болмайтынын білдік. Солай болды да. Біз негізінен жоспарлаған дүниемізді жасадық, бірақ бәрі бірдей ойдағыдай шыға бермеді.

Жағдайды қиындатқан нәрсе – біз бірге бар-жоғы бір ғана жаттығу өткіздік. Көптеген жігіттер құрамадан әртүрлі уақытта және әртүрлі жағдайда оралды. Біреуі көбірек ойнады, біреуі азырақ, ал біреулері жай ғана турист болып барып қайтты. Қиындықтар болды, бірақ ең бастысы – бәрі дені сау болып оралды. Қазір бізде күрделі, өте тығыз кезең: ойындар екі-үш күн сайын қатарынан өтеді. Әрбір футболшы алтынмен тең. Бұл ойында ешкімді қатардан жоғалтпағанымыз маңызды. Жарақат алған ойыншыларымыз қатарға тезірек қосылады деп үміттенеміз. Жеңіске қуаныштымыз және ары қарай жылжимыз: енді бізді Ригаға сапар, содан кейін чемпионаттың үш матчы күтіп тұр. Ол ойындарда барынша көп ұпай жинауға тырысамыз.

– Қатарынан екі жеңілістен кейін құрамалардың матчтарына берілген ұзақ үзіліс командаға зиянын тигізді ме, әлде пайдасына жарады ма?

– Шынымды айтсам, жеңілістен кейін ұзақ үзіліске кету эмоциялық тұрғыдан өте қиын. Әдетте жеңілген кезде, қатені тезірек түзету үшін келесі матчты асыға күтесің. Ал мұнда үш апта күтуге тура келді. Эмоциялық фон тиісті деңгейде болған жоқ. Бірақ жігіттер жарайды, үзілісті жақсы өткізді және бүгін біз қажетті нәтижеге қол жеткіздік.

Екінші жағынан алып қарасақ, тығыз кестеден кейін бұл үзіліс бізге физикалық тұрғыдан пайдалы болды. Команда демалды, қалпына келді, ойыншылар жарақаттарын емдеді. Дегенмен бірқатар футболшылар әлі де лазаретте жатыр.

– Чемпион атануға әлі де мүмкіндік бар деп ойлайсыз ба?

– Мүмкіндік әрқашан бар. Біз үшін тек өз ойынымызды қадағалап, қалған матчтарда барынша көп ұпай жинау маңызды.

– Былтыр қазан айында «Қайрат» «Жетісуды» 5:0 есебімен тас-талқан етті. Ал биылғы бұл жеңіс өте ауыр болды...

– Мотивация жоғалды деп ойламаймын. Мәселе эмоциялық фонда болып тұр. Үзіліс кезінде біз алты-сегіз адам болып жаттықтық, қалғандары ұлттық және жастар құрамаларына кетті. Үш апта болмаған кезде ойын тонусы мен байланыстар жоғалады, бұл түсінікті жағдай. Қажетті арнаға қайта түсу маңызды. Қазір матчтар легі басталады, біз бәрін ретке келтіреміз. Былтырғы «Жетісуды» жеңген ойынмен (5:0) салыстырсақ, ол кезде біз Чемпиондар лигасында ойнадық, эмоция тасып тұрды. Әрине, қазіргі фон одан нашарлау. Бірақ бүгін тек жеңіске жету өте маңызды болды.

Еске салайық, ҚПЛ-дың 28-турындағы матчта алматылық «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» минималды есеппен жеңді. Кездесу тағдыры 86-минутта Марк Гуаль соққан жалғыз голдың арқасында шешілді. Бұл жеңістен кейін алматылық клуб 60 ұпай жинап, көшбасшы шымкенттік «Ордабасыдан» небәрі бір ұпайға қалып келеді (оңтүстік командасының еншісінде бір ойын бар). Ал «Жетісу» 23 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы сатысында тұр.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  10 қазан, 20:59

Сәтпаевтың нәтижелі пасы офсайдқа байланысты есептелмеді: «Бернли» «Уотфордты» сенімді жеңді

1
ҚПЛ  10 қазан, 19:49

Уразбахтин «Жетісуды» жеңгеннен кейін ЧЛ мен ҚПЛ-ды салыстырды: эмоция бұрынғыдай емес

2
ҚПЛ  10 қазан, 19:41

Нұрдәулетов – «Қайсардан» түскен ұсыныс жайлы: батып бара жатқан қайықта соңына дейін боламын

3
Ұлттық құрама  10 қазан, 16:47

Еуропа ұлттық құрамаларға берілген үш апталық үзіліске наразы: баяғы форматты қайтаруды сұрап отыр

4
Ұлттық құрама  10 қазан, 15:22

Бес жеңіліс: Қазақстан құрамалары осы аптада қалай ойнады

5
Ұлттық құрама  10 қазан, 14:01

ҚФФ экс-қызметкері: Байсуфинов тұрғанда құрамаға ортаңқол шетелдіктің не керегі бар?

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
27
18
6
3
32
60
3
АстанаАстана
26
14
6
6
16
48
4
АқтөбеАқтөбе
27
13
6
8
9
45
5
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
6
ЕлімайЕлімай
26
10
8
8
0
38
7
ТобылТобыл
27
11
4
12
-1
37
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
27
8
8
11
-7
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ҚызылжарҚызылжар
27
7
6
14
-12
27
12
АтырауАтырау
26
5
11
10
-9
26
13
ЕртісЕртіс
26
6
8
12
-10
26
14
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
15
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
16
ЖетісуЖетісу
27
5
7
15
-19
22