Матч орталығы

Теннис
ATPАлматы мужчины
Александр БубликАлександр Бублик
19:3022.10
Фабиан МарожанФабиан Марожан
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ҚайратҚайрат
1:5Аяқталды
ПанатинаикосПанатинаикос
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ТрабзонспорТрабзонспор
2:0Аяқталды
ХартсХартс
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
Црвена ЗвездаЦрвена Звезда
2:2Аяқталды
КопенгагенКопенгаген
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ХетафеХетафе
2:5Аяқталды
ЛуганоЛугано
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ПафосПафос
1:1Аяқталды
РигаРига
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
Интер ЭскальдесИнтер Эскальдес
1:3Аяқталды
КрайоваКрайова
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
КауноКауно
1:4Аяқталды
БраннБранн
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ЯблонецЯблонец
0:0Аяқталды
БрайтонБрайтон
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ИберияИберия
1:1Аяқталды
МьельбюМьельбю
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
НордшелландНордшелланд
2:2Аяқталды
ЦСКА СофияЦСКА София
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЮвентусЮвентус
2:2Аяқталды
РеннРенн
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЮнионЮнион
4:0Аяқталды
ХапоэльХапоэль
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ДинамоДинамо
2:4Аяқталды
НЕКНЕК
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ФеренцварошФеренцварош
4:1Аяқталды
ТорренсеТорренсе
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЛехЛех
1:1Аяқталды
СандерлендСандерленд
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ШтурмШтурм
1:0Аяқталды
МарсельМарсель
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ОФИОФИ
0:2Аяқталды
БайерБайер
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
АраратАрарат
0:4Аяқталды
АЗАЗ
Баскетбол
ЕуропаЕуролига
ЭфесЭфес
89:80Аяқталды
БешикташБешикташ

«Төрешілікке шағымданатын олар емес»: Алюетов – «Ордабасыны» жеңгені және хейтерлер туралы

5 қыркүйек, 18:52

«Төрешілікке шағымданатын олар емес»: Алюетов – «Ордабасыны» жеңгені және хейтерлер туралы

Фото: Ринат Алюетов

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубының бас бапкері Ринат Алюетов ҚПЛ көшбасшысы шымкенттік «Ордабасыны» (2:1) өз алаңында ұтқаннан кейін матчқа қатысты эмоцияға толы пікір білдірді.

Матчтан кейін ASnews.kz басылымына берген сұхбатында көкшетаулықтардың бапкері қонақтардың төрешілікке қатысты шағымдарына жауап беріп, пенальти кезіндегі тактикалық қулықтарды түсіндірді және командаға айтылған сынды еске алды.

Қысым, жанкүйерлер және чемпиондық жарыс туралы

Маманның айтуынша, команда аса маңызды ойынға ешқандай артық қысымсыз дайындалған:

«Біз «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы тартысқа араласқандай көрінген болармыз, бірақ біз жай ғана матчтан матчқа дайындалып келеміз. Кіммен ойнайтынымыз маңызды емес, алдымызға үлкен мақсаттар қоймаймыз, біздің күшіміз де осында. Толықтай бір апта жеңіл, «лайт» деңгейінде өтті, өйткені бізге ешқандай қысым болған жоқ. Бұл – команданың уайымдамайтынының арқасы. Алаңға шығарға 15 минут қалғанда жігіттерге: «Бұл жеңіс туралы бір апта емес, бірнеше апта айтатын болады. Бәлкім бір ай, ал бәлкім маусымның соңында да еске алар» дедім.

«Ордабасының» мықтылығын мойындау керек – бұл тамаша орындаушылары бар мықты команда. Олардың мінберде жанкүйерлері де көп болды. Жанкүйерлер бір-бірінен асып түсіп, айқайласқан кезде киім ауыстыратын бөлмеде біздің ұтылуға және олардың жанкүйерлерінің дауысын басым етуге құқығымыз жоқ екенін айттым. Біз өз жанкүйерлеріміз үшін ойнап, нағыз шоу жасадық. Иә, біз сыйақы мен ұпай алдық, бірақ ең бастысы – ертең жігіттер қалаға шығып, жағалауда серуендейді, адамдар оларды танып, құттықтайтын болады. Олар осыдан рақат алады».

Маусым ортасындағы құлдырау туралы

Алюетов сондай-ақ команда қатты сынға ұшыраған чемпионаттың қиын кезеңін еске алды:

«Маусым басталмас бұрын 14-15-16-турларда бізде құлдырау болатынын айтқан едім – мұны дайындығымызға қарап білдім. Біз «Қайрат» пен «Тобылға» тап болдық. Үш матч қатарынан ұтылғанымызда, хейтерлер бізді қатты сынға алып, сол туралы жарыса жазды. Енді біз топтық командалардан өттік, сол кезде солай дегендерді енді көргім келеді.

Бүгін өз алаңымыз шешуші рөл атқарды. Біз мұнда күн сайын жаттығамыз, бұл біздің мықты тұсымыз болды. Сондай-ақ Леонардуды ерекше атап өткім келеді: бүгін ол Сергей Малыймен болған күресте жеңіске жетіп, бірінші айналымдағы қарызын қайтарды».

Пенальти кезіндегі психология мен жарақаттар туралы

Бапкер Нұрғайни Бөрібаев мүлт жібермеген 11 метрлік айып добына дайындықтың егжей-тегжейін ашып берді:

«Қақпашы Бекхан Шайзада пенальти кезінде әрдайым қатты қысым көрсетеді. Біз алдын ала келісіп алдық: Бектемір Абдуманнонов допты алсын, ал Тоқтар Жаңғылышбай оны қорғасын дедік, Шайзада оны психологиялық тұрғыда «жеп қоймауы» үшін. Негізі бізде әрқашан бірінші пенальти тебуші – Бөрібаев. Екіншісі – Тоқтар. Жігіттер қақпашы соққы жасайтын ойыншыға қосымша қысым түсірмеуі үшін осы көріністі ойнап шықты.

Футбол өте қатаң болды. Қақтығыстар аяқпен-аяққа тіреліп жатты. Екі адам аяғын тартпаған кезде, жарақат алу сөзсіз. Бүгін Кузьмичевтің мұрнын сындырып кетті».

Төрешілік пен қосымша уақыт туралы

«Оқжетпестің» тәлімгері шымкенттік клубтың төрешілер жұмысына көңілі толмауына қатаң жауап қатты:

«Ордабасы» төрешілікке шағымданып жатыр ма? Кім шағымданса да, олар емес қой... Бірінші гол соғылған сәтте жүз пайыздық пенальти болды. Екінші голда ойыншылар бір-бірін ұстаған кәдімгі күрес болды.

Бәрі өзгерген сәт пе? Мен командаға: гол соқпайынша тең нәтижеге ойнаймыз дедім. Қаншалықты тез гол соқсақ, соншалықты тез жеңіске ойнауға көшеміз. Ойын соңында төреші өте көп уақыт қосты. Екінші таймда біз 10-11 минут артық ойнадық. «Ордабасы» барлық бұрыштамаларын көтеріп болғанша ертеңге дейін күтейік онда...».

Қазақстан премьер-лигасының 25-туры аясында өткен матчта көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында чемпионат көшбасшысы шымкенттік «Ордабасыны» 2:1 есебімен қапы қалдырды. Алаң иелеріне жеңісті Нұрғайни Бөрібаев (пенальтиден) пен Леонарду Де Ассунсаудың соққан голдары сыйлады. Қонақтар бұған Бьорг Йонсеннің жалғыз добымен жауап қатты.

Кездесуді ҚФФ төрелік ету және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру стадионнан тамашалады.

Басты жаңалықтар

Еурокубоктар  23 қазан, 00:11

«Ұтылып жатқан соң ашуландым»: Гуаль «Панатинаикостан» жеңілуі және алмастырылуы туралы

1
Еурокубоктар  23 қазан, 00:01

«Ұзақ жол – сылтау емес»: «Қайрат» қақпасына дубль жасаған ойыншы – ірі жеңіс туралы

2
Халықаралық футбол  22 қазан, 19:52

Ресейлік сарапшы: Самородовты шешенге ұқсатамыз

3
ҚПЛ  22 қазан, 18:12

Еуропалық клубтың сұрмергені: ҚПЛ-ға оралғым келеді

4
ҚПЛ  22 қазан, 16:53

«Қайсардың» экс-басшысы: команда үздік үштікке таласады деп кім уәде беріп еді?

5
Ұлттық құрама  22 қазан, 15:41

Маусымның ең нәтижелі шабуылшысы: Артем Литош ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енді

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
28
21
4
3
38
67
2
ҚайратҚайрат
28
19
6
3
37
63
3
АстанаАстана
28
15
7
6
17
52
4
ОқжетпесОқжетпес
28
14
6
8
5
48
5
АқтөбеАқтөбе
28
13
6
9
7
45
6
ЕлімайЕлімай
28
12
8
8
2
44
7
ТобылТобыл
28
12
4
12
1
40
8
ҰлытауҰлытау
28
9
8
11
-7
35
9
КаспийКаспий
28
9
6
13
-8
33
10
ЖеңісЖеңіс
28
8
8
12
-9
32
11
АтырауАтырау
28
5
12
11
-10
27
12
ҚызылжарҚызылжар
28
7
6
15
-13
27
13
ЕртісЕртіс
28
6
8
14
-16
26
14
АлтайАлтай
28
6
8
14
-11
26
15
ЖетісуЖетісу
28
6
7
15
-18
25
16
ҚайсарҚайсар
28
4
12
12
-15
24