ҚПЛ сұрмергені – «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Оджоның «Ақтөбеге» ауысуы туралы: досыма табыс тілеймін
30 шілде, 08:43

Фото: Шейи Оджо
«Қызылжардың» ивуарлық форварды Этьен Бёгр ASnews.kz-ке берген сұхбатында «Ақтөбеге» ауысуға жақын тұрған бұрынғы командаласы Шейи Оджоның шеберлігін бағалады.
«Оджо – өте мықты футболшы, онымен «Мариборда» бірге керемет уақыт өткіздік. Ол техникалық тұрғыдан өте жақсы: тар кеңістікте оңай алдап өтеді, сонымен бірге өте жылдам.
Шейидің стилі мен шеберлігін, сондай-ақ «Ақтөбенің» көрсететін футболын біле отырып, оның қолынан бәрі келеді деп айта аламын. Менің айтарым: ҚПЛ-ға кош келдің! Бұрынғы әріптесіме табыс тілеймін», – деді 25 жастағы шабуылшы.
Еске сала кетейік, БАҚ мәліметінше, «Ақтөбе» «Ливерпульдің» 29 жастағы түлегі Шейи Оджоның трансферін келісіп қойған.
Словения чемпионатының өткен маусымында вингер «Марибор» сапында үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ағылшындық «Кардифф» пен шотландиялық «Рейнджерс» сапында өнер көрсеткен.
Этьен Бёгр ҚПЛ-дағы 17 матчта алты голдың авторы атанды. «Қызылжар» футболшысы 2024 жылы «Марибор» намысын қорғаған болатын.
Әлем чемпионы, «Ливерпуль» мен «Рейнджерс»: Шейи Оджо кім және ол Ақтөбеге не үшін келді?
«Ақтөбе» «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Шейи Оджоны қатарға қосқан соң мәселеге тап болды
Әлишер Аманжол