«Ақтөбенің» легионері: Сауд Арабиясында ұсынысым болды, бірақ «Қайратқа» көшемін деп ойладым
12 наурыз, 18:34
Фото: Иван Ордец
Украиналық қорғаушы Иван Ордец ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Ақтөбеге» ауыспас бұрын Еуропаның топ-чемпионаттарынан ұсыныс алғанын айтты.
«Менде бірінші және екінші Бундеслигадан, Испанияның жоғарғы лигасындағы клубтардан нұсқалар болды. Бірақ ол ұсыныстар түскен кезде біз Сауд Арабиясынан келген нұсқаны да қарастырып жатқан едік.
Екі-үш аптадай келіссөз жүргіздік, мен спорттық директормен және президентпен сөйлестім. Алайда трансфер соңғы сәтте болмай қалды, уақыт созылып кетті де, трансферлік терезе жабылып қалды. Осы уақыт аралығында бабымды жоғалтпауға тырыстым. Үйде төбеге қарап жатқым келмеді. Ең бастысы – ниет пен денсаулық бар, сондықтан ойнау қажет», – деді Ордец.
Сондай-ақ футболшы бастапқыда географиялық орналасуына байланысты алматылық «Қайрат» нұсқасын қарастырғанын, бірақ келіссөздер тығырыққа тірелгенін растады.
«Бастапқыда нұсқаларды қарастырған кезде, «Қайрат» локация жағынан ыңғайлы болды. Алматы – жақсы қала, ол туралы көп естідім. Бірақ мен Қазақстанда ешқашан болған емеспін, сондықтан қалаларды салыстыра алмаймын. Астана мен Алматының ең әдемі қалалар екені ешкімге құпия емес.
«Қайратпен» төрт аптадай келіссөз жүргіздік. Олар бізге өздері шығып, ұсыныс жасады. Бірақ үзіліс көп болды, клуб жауапты соза бастады, мен мұны байсалдылық емес деп санадым. Футболшы клубтың өзіне қаншалықты мұқтаж екенін білмесе, бұл – жағымсыз жағдай. «Ақтөбе» мені қаттырақ қалайтынын сездім. Сондықтан осы клубқа ауысу үшін бар күшімді салдым.
Мен Ақтөбеде де бұрын болмағанмын, бірақ бұл жақсы қала деп үміттенемін. Жігіттерден мұнда кәсіби футболшыға қажеттінің бәрі бар деп естідім», – деді Ордец.
33 жастағы қорғаушының трансферлік құны 750 мың еуроны құрайды. Ордецтің мансабындағы ең табысты кезең донецкілік «Шахтермен» байланысты: ол екі рет ел чемпионы атанып, үш мәрте Кубок пен бір рет Суперкубокты жеңіп алды.
Сондай-ақ футболшының тізімінде германиялық «Бохум», мариупольдік «Ильичевец» және мәскеулік «Динамо» (РПЛ-2021/22 қола жүлдесі) клубтарындағы өнер көрсетулері бар. 2014-2018 жылдар аралығында Ордец Украина ұлттық құрамасы сапында 12 матч өткізіп, бір гол соққан.
Бұған дейін ол Қазақстанға көшу нұсқасы қалай пайда болғанын айтып берген еді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қайрат
Ордабасы
Оқжетпес
Астана
Ұлытау
Елімай
Ақтөбе
Жеңіс
Жетісу
Қызылжар
Атырау
Тобыл
Каспий
Ертіс
Қайсар
Алтай
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Ливерпуль
Астон Вилла
Борнмут
Брайтон
Брентфорд
Челси
Эвертон
Фулхэм
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Лидс
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Реал Сосьедад
Атлетик Бильбао
Осасуна
Райо Вальекано
Валенсия
Севилья
Эспаньол
Мальорка
Эльче
Жирона
Алавес
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Унион Берлин
Боруссия М
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Ювентус
Милан
Рома
Комо
Аталанта
Лацио
Удинезе
Болонья
Сассуоло
Торино
Парма
Дженоа
Фиорентина
Кальяри
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Ренн
Марсель
Монако
Страсбур
Лорьян
Тулуза
Париж
Брест
Анже
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов