Арменияның ең мықты бапкері қазақстандық клубты тізгіндеуі мүмкін
5 қазан, 13:01

Фото: Вардан Минасян
Ақтаулық «Каспий» армениялық бапкер Вардан Минасянға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды ASnews.kz.
Тараптар жаңа маусымнан бастап бірігіп жұмыс жасау мақсатында келіссөздер жүргізуде.
Бірінші лигадан Қазақстан Премьер-лигасына мерзімінен бұрын жолдама алған «Каспий» келесі жылы жоғары орындардан көрінуді жоспарлап отыр.
Минасян бұған дейін Қазақстанда «Тобылды» және «Таразды» жаттықтырған. Оның кезінде «Тараз» жақсы нәтижелерге қол жеткізді, бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты клубтан кетіп қалды.
Минасян өз елінде «Пюник» пен «Арарат-Армения» командаларын бірнеше рет чемпион қылды, Кубок мен Суперкубокты да жеңіп алды. 51 жастағы маман Армения құрамасын да баптап, оларды Еуропа чемпионатының өтпелі кезеңіне шығара жаздады.
Вардан алты рет өз елінің үздік бапкері деп танылған. Армения құрамасы сапында 15 кездесу өткізген.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Турнирлік кесте













































































































