Матч орталығы
«Өзімізге сенеміз»: «Сабахтың» өзбекстандық легионері – «Барселонаға» қарсы матч туралы
24 қараша, 20:57

Фото: Умарали Рахмоналиев
Бакулік «Сабахтың» өзбекстандық жартылай қорғаушысы Умарали Рахмоналиев УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында испаниялық «Барселонаға» қарсы өтетін алдағы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Мұнда Өзбекстаннан келген журналистерді көргеніме қуаныштымын. Ертең бізді өте қызықты кездесу күтіп тұр. Біз өзімізге сенеміз. Жанкүйерлер бізді соңына дейін қолдайды деп үміттенемін. Қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз және оң нәтиже үшін алаңға шығамыз», – деді Рахмоналиев.
Еске сала кетейік, қақпасын Қазақстан құрамасының голкипері Стас Покатилов қорғайтын «Сабах» пен «Барселона» арасындағы матч сейсенбі, 25 қараша күні Баку Олимпиада стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:45-те (жергілікті уақытпен 21:45-те) басталады.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов