Матч орталығы
«Соңғы минуттарда гол жіберіп алу өкінішті»: Уразбахтин – «Қайраттың» «Левскиден» ұтылуы туралы
5 тамыз, 01:17

Фото: Рафаэль Уразбахтин
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта болгариялық «Левскиден» ұтылғанына (0:1) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Соңғы минуттарда, оның үстіне рикошеттен гол жіберіп алғанымыз өкінішті болды. Не істейсің? Әлі қарымта матч бар. Өз алаңымызда сапалырақ ойын көрсетуге тырысамыз. Жақсы нәтиже үшін соңына дейін күресеміз», – деді алматылықтардың бапкері.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу Софиядағы Георгий Аспарухов атындағы стадионда өтіп, 1:0 есебімен «Левскидің» жеңісімен аяқталды. Жалғыз доп матчтың 92-минутында соғылды.
«Қайрат» пен «Левски» арасындағы қарымта ойын 11 тамызда Түркістанда өтеді.
Әлім Динасылов