Матч орталығы

«17 жасар бала Чесноковты «жеп қойды»: «Паневежистің» бапкері – «Тобылдан» жеңілгені туралы

31 шілде, 11:02

«17 жасар бала Чесноковты «жеп қойды»: «Паневежистің» бапкері – «Тобылдан» жеңілгені туралы

Фото: Тони Коркеакуннас

Литвалық «Паневежистің» бас бапкері Тони Коркеакуннас ASnews.kz басылымына берген сұхбатында Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің «Тобылға» қарсы қарымта матчын (1:1, пенальти бойынша 2:3) қорытындылады.

Литвалықтар Миловановичтің аяғын байлап тастады: сыры неде?

«Мәселенің мәні де осында – соңғы уақытта біз қорғаныстағы ойынға аса қатты мән беріп жүрміз. Титулдарды дәл осы қорғаныс жеңіп береді. Егер бұл шепте мықты болсаң, шабуылдауға да мүмкіндік аласың. Осындай креативті командаға қарсы сенімді ойнауымыз керек екенін түсіндік.

Бұған дейін мен (Сейдина) Кейтаның қаншалықты тәжірибелі екенін айтқан едім. Ал қазір қарқын қосқан жас сербиялық қорғаушымыз өө Керкезді мақтан тұтатынымды қосқым келеді. Мен клубқа келгенде Страхиня «керексіздердің» бірі еді, ал қазір алаңда әр минутты өткізіп жүр.

Сол жақ қапталда сіздердің жұлдыздарыңызға қарсы академиядан шыққан жас бала ойнады (17 жастағы Довидас Балсис – ред.), сондықтан жағымды сәттер де жоқ емес. Сізбен келісемін – жігіттердің қорғаныста өзін қалай көрсеткеніне өзім де ризамын».

Соңғы минуттар тартысты өтті. Жүйке сыр берген жоқ па?

«Жігіттер бар күшін салды. Ойынның соңына қарай «Тобыл» жиірек қауіп төндірген болар, бірақ бізде де өте қауіпті сәттер болды. Доп қарсыластың айып алаңына кем дегенде бес рет кірді, тек мүмкіндіктерді пайдалана алмадық.

Шағымданатын ештеңе жоқ – тек мақтаныш сезімі бар. Нәтиже өкінішті, бірақ менің екі ойынға да көңілім толады», – деп түйіндеді 58 жастағы фин маманы.

Еске сала кетейік, матчтың бірінші жартысында гол соққанына қарамастан, «Паневежис» пенальти сериясында «Тобылға» жол берді. Литвалық команданың бастапқы құрамында кәсіби деңгейде бары-жоғы 15 ойын өткізген жас Довидас Балсис алаңға шықты.

Айта кетейік, турнирдің келесі кезеңінде Мирослав Ромащенконың ұжымы люксембургтік «УНА Штрассенді» тас-талқан еткен (жалпы есеп 5:0) сербиялық «Партизанға» қарсы ойнайды.

«Тобылда» жұмыс істеу – керемет»: Ромащенко – «Паневежиспен» ойын, Тағыберген және шабуылдағы қиыншылықтар туралы

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 10:17

«Астананың» экс-ойыншысы Қазақстандағы заңсыз қаржылық махинацияларды әшкереледі

Бүгін, 08:13

«Атлетико Мадрид»—«Реал Мадрид»: Ла Лига ойынына болжам мен бәс тігу

Кеше, 23:10

«Словакия – фаворит, бірақ назарды Фарерге аудардық»: Ван ’т Схип Қазақстан құрамасының дайындығы туралы

Кеше, 22:41

ЧЛ клубының капитаны Қазақстан құрамасына қашан келетіні белгілі болды

Кеше, 22:26

Дастан Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері қызметінен кету қаупіне қатысты пікір білдірді

Кеше, 20:59

«Бернли» тағы да жеңбеді: Сәтпаевтың клубы 93-минутта үш ұпайдан айырылып қалды

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  20 қыркүйек, 10:17

«Астананың» экс-ойыншысы Қазақстандағы заңсыз қаржылық махинацияларды әшкереледі

1
Ұлттық құрама  19 қыркүйек, 23:10

«Словакия – фаворит, бірақ назарды Фарерге аудардық»: Ван ’т Схип Қазақстан құрамасының дайындығы туралы

2
Ұлттық құрама  19 қыркүйек, 22:41

ЧЛ клубының капитаны Қазақстан құрамасына қашан келетіні белгілі болды

3
Халықаралық футбол  19 қыркүйек, 22:26

Дастан Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері қызметінен кету қаупіне қатысты пікір білдірді

4
Халықаралық футбол  19 қыркүйек, 20:59

«Бернли» тағы да жеңбеді: Сәтпаевтың клубы 93-минутта үш ұпайдан айырылып қалды

5
ҚПЛ  19 қыркүйек, 20:48

Аты аңызға айналған Луиш Нани маусым соңында «Ақтөбеден» кетеді

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22