Шотландиялық сарапшы – Чесноковтың алғашқы голы туралы: маңызды ойыншыға айналып келеді
22 февраля, 15:24
Фото: Ислам Чесноков
The Scottish Sun басылымының шолушысы Роберт Мартин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында эдинбургтік «Хартс» сапындағы алғашқы голын соққан қазақстандық вингер Ислам Чесноковтың ойынына қатысты пікір білдірді.
«Ол жақсы ойнады, гол соғатын сәтін тамаша пайдаланды, ал қарсылас қорғаушысы соққысын қайтарып қалған тағы бір эпизодта оның сәл жолы болмады. Ол команда үшін маңызды ойыншыға айналып келеді. Оның ойыннан ойынға күшейіп, өзіне деген сенімділігі арта түскенін көріп отырмыз», – деді Мартин.
Еске салайық, Чесноков Шотландия Премьер-лигасының 28-туры аясындағы «Фалкиркке» қарсы матчта 45-минутта гол соғып, көзге түсті. Бұл Исламның Эдинбург клубы сапындағы төртінші матчы ғана: 17 қаңтарда ол жергілікті Кубокта дебют жасап, кейін чемпионатта «Хиберниан» мен «Рейнджерске» қарсы екі ойын өткізген болатын.
Осы жеңістен кейін турнир кестесін бастап тұрған «Хартс» екінші орындағы «Рейнджерстен» бес ұпайға ұзап кетті. Айта кетейік, Шотландияда да Қазақстандағыдай Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне тек бір команда – турнир жеңімпазы ғана жолдама алады. Өткен маусымда дәл осы сатыда алматылық «Қайрат» шотландиялық «Селтикті» жарыс жолынан шығарып, сенсация жасаған еді.
Бұған дейін ПСЖ мен шотландиялық «Хибернианның» бұрынғы шабуылшысы Франк Джа Джедже Ислам Чесноковқа бірнеше кеңес берді.
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица
Кайрат
Елимай
Окжетпес
Ордабасы
Кызылжар
Астана
Улытау
Атырау
Актобе
Иртыш
Жетысу
Кайсар
Женис
Алтай
Тобол
Каспий
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Брайтон
Сандерленд
Борнмут
Фулхэм
Кристал Пэлас
Ньюкасл Юнайтед
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Тоттенхэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Осасуна
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Жирона
Райо Вальекано
Валенсия
Мальорка
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Майнц
Аугсбург
Унион Берлин
Гамбург
Кёльн
Боруссия М
Вердер
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Наполи
Милан
Ювентус
Комо
Рома
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Дженоа
Парма
Фиорентина
Кальяри
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Марсель
Лион
Ренн
Монако
Страсбур
Лорьян
Тулуза
Брест
Париж
Анже
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов