Словакия құрамасының экс-қорғаушысы – Гамшиктің сөздері туралы: тәкаппарлық емес, біз – фаворитпіз
21 февраля, 20:18
Фото: Бранислав Слука
Словакияның жастар құрамасы (U-21) мен түркістандық «Тұранның» бұрынғы қорғаушысы Бранислав Слука ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасындағы ұлттық құрамалардың алдағы кездесуі туралы пікір білдіріп, Марек Гамшиктің «ыңғайлы жеребе» деген сөзіне қатысты ойын айтты.
«Словакияны айқын фаворит деп айтпас едім, бірақ жай ғана фаворит деуге болады. Әр ойын әртүрлі өтеді, ал қазақстандық футбол үнемі дамып келеді. Ойыншыларыңыздың деңгейі өсіп жатыр, ал «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы өнері футболшылардың жалпы дамуына сөзсіз серпін береді. Сондықтан бұл ауыр матч болмақ.
Гамшиктің сөздеріне келер болсақ, ол – аңыз адам. Бұл тәкаппарлықпен айтылған сөз деп ойламаймын. Керісінше, бұл өзіне деген сенімділік және, былайша айтқанда, «қағаз жүзінде» біз мықтырақпыз әрі жеңуіміз керек деген сенім. Ол үшін бұл қалыпты реакция. Бірақ сіздердің ойыншыларыңыздың деңгейі шынымен өсіп келеді. «Қайратты» Чемпиондар лигасында өздеріңіз де көрдіңіздер, оған қоса Қазақстан чемпионатына Луиш Нани мен Виктор Мозес сияқты танымал ойыншылар келіп жатыр. Бұл лиганың мәртебесін көтеріп, футболшылардың шеберлігін арттырады», – деді Слука.
2024 жылы Бранислав Слука түркістандық «Тұран» сапында өнер көрсетіп, 13 матч өткізді және бір голмен көзге түсті. Халықаралық деңгейде қорғаушы Словакияның жастар құрамасының (U-21) намысын қорғап, 13 ойынға қатысты, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Еске салайық, УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С лигасындағы үшінші топқа Словакия, Фарер аралдары және Молдовамен бірге түсті.
Бұған дейін Гамшиктің экс-әріптесі оның айтқан сөзіне пікір білдірген болатын.
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица
Кайрат
Елимай
Окжетпес
Ордабасы
Кызылжар
Астана
Улытау
Атырау
Актобе
Иртыш
Жетысу
Кайсар
Женис
Алтай
Тобол
Каспий
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Брайтон
Сандерленд
Борнмут
Фулхэм
Кристал Пэлас
Ньюкасл Юнайтед
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Тоттенхэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Осасуна
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Жирона
Райо Вальекано
Валенсия
Мальорка
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Майнц
Аугсбург
Унион Берлин
Гамбург
Кёльн
Боруссия М
Вердер
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Наполи
Милан
Ювентус
Комо
Рома
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Дженоа
Парма
Фиорентина
Кальяри
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Марсель
Лион
Ренн
Монако
Страсбур
Лорьян
Тулуза
Брест
Париж
Анже
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов