Отарбаев — қазақ қақпашылары туралы: мықты бәсеке қалыптасты
08.12.2025 14:35
Фото: Темірлан Анарбеков және Мұхаммеджан Сейсен
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қақпашысы Самат Отарбаев ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында елдегі голкиперлер буынының сапасына жоғары баға берді.
Маманның айтуынша, соңғы жылдары қақпашы позициясында қазақ футболшыларының саны да, бәсекесі де айтарлықтай артқан:
«Алмат Бекбаев екеуміз бұл туралы көп сөйлесетінбіз. Қазір шынымен де ұлты қазақ мықты қақпашылар өте көп. Мұхаммеджан Сейсен, Шерхан Қалмұрза, Темірлан Анарбеков, Бекхан Шайзада, тіпті жастар арасынан шығып жатқан Мадияр Төлеубек пен Саят Құсайынов — барлығы да деңгейі жоғары, намысты жігіттер. Қақпашылар мектебі мақтанарлықтай. Кімді қойсаң да, өз деңгейінде ойнап береді», – деді ол.
Отарбаев, өз кезегінде, өзі ұлттық құрамада ресми матч өткізе алмағанына өкінетінін жасырмады, бірақ жаңа толқынның прогресіне ерекше риза:
«Менің мансабым ұзақ болмады, құрамада бірде-бір ойын өткізбедім. Бірақ мына жігіттер — қазақ қақпашыларының мықты екенін дәлелдеп жүр. Ең бастысы — бәсекелестік. Қақпашылар көп болса, даму да тоқтамайды. Бәсекеден қорықпау керек. Бұл жол ауыр ма? Сол жерге қайта бару керек — маған осыны кезінде бапкерім Олег Воскобойников айтқан», – деп қосты маман.
Самат Отарбаев — Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы», «Қыран», «Ақтөбе» және «Тараз» клубтарының жейдесін киген бұрынғы қақпашы.
2013 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алғанымен, алаңға шықпаған.
Қазіргі уақытта 35 жастағы маман Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі U-18 және U-20 құрамаларының қақпашылар бапкері қызметін атқарады.
2025 жылы «Қайрат» түлегі Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф раундында «Селтикпен» болған ойында ерекше көзге түсті. Пенальти сериясында ол қарсыластың үш бірдей соққысын қағып, алматылықтарды турнирдің негізгі кезеңіне алып шықты. Сол жылдың қыркүйегінде голкипер Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы матчына да шықты.
Анарбеков жарақат алғаннан кейін, қыркүйек айында «Қайрат» қақпасына 18 жасар Шерхан Қалмұрза тұрды. Жас голкипер Чемпиондар лигасында «Спортингке» және мадридтік «Реалға» қарсы кездесулерге қатысып, алғашқы үлкен жүктемесін алды.
Ал Мұхаммеджан Сейсен 2025 жылдың маусымында ұлттық құрама жейдесінде бес матчқа қатысса, Бекхан Шайзада Фарер аралдарына қарсы өткен ойында өзінің дебютін жасады.
Бұған дейін қырғызстандық «Барс» клубының қақпашысы Азамат Жомартов Темірлан Анарбековтың болашағына баға берді.
Читайте также
Турнирная таблица
Астана
Ордабасы
Окжетпес
Кайрат
Елимай
Кызылжар
Улытау
Иртыш
Атырау
Актобе
Алтай
Женис
Кайсар
Жетысу
Каспий
Тобол
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов