Мартин – «Елімайды» жеңгені туралы: өткізіп алған голда айыптылар жоқ
20 июля, 10:07
Фото: Андрей Мартин
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин «Елімайды» жеңгеннен кейін (3:1) өткізіп алған гол туралы айтты, команданың жаңа ойыншысы Кейлердің дебютіне баға берді, сондай-ақ ыстық ауа райы мен тығыз кестенің футболшыларға қалай әсер етіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қателіктер мен өткізіп алған гол туралы:
«Өткізіп алған гол бойынша айтар болсам – мен ешқашан ойыншыларды айыптамаймын. Не нәрсені жақсырақ жасауға болатынын команда ішінде талқылаймыз. Мүмкін, белгілі бір сәттерде зейін жетіспеген шығар немесе қате позиция таңдалған болар. Келесі жолы жігіттер мұндай қателіктер жібермей, гол өткізбеуін қамтамасыз еткім келеді. Өткізілген голдарда нақты бір айыпты жоқ, бәріміз де бірдей кінәліміз».
Кейлердің дебюті мен Античпен бәсекелестік туралы:
«Кейлердің дебютіне келер болсақ, оның сапымызда болғанына өте қуаныштымыз. Ол – біздің ойыншымыз, ал командада салауатты бәсеке болуы керек. Бұл позицияда Антич те ойнайды. Алда чемпионатта кездесулер көп, ескерту қағазы бар футболшыларымыз бар, кубоктық матчтар күтіп тұр. Жақсы бәсеке ешкімге кедергі жасамайды.
Қазіргі уақытта кім жақсы бабында болса, сол ойнауы тиіс. Сондықтан олар бәсекелеседі, Құдай қаласа, командаға көп пайда әкеледі. Сапымызда осындай футболшыларды ұстау мүмкіндігі бар екеніне көңілім толады».
Тығыз кесте мен ыстық ауа райы туралы:
«Төрт күн бұрын Кубок ойынын өткізгеніміз, әрине, әсер етті. Бір апталық циклде ойнау – бір басқа, ал төртінші күні алаңға шығу – мүлде бөлек жағдай. «Елімайдың» да басында дәл осындай жағдай болды, екі ұжым да тең дәрежеде еді.
Бірақ ойнау қиын болды, әсіресе осындай ауа райында. Ауаның бұлыңғырлығы мен аптап ыстық – мұндай жағдайда матчтарға дайындалу өте ауыр, ағза үнемі күйзелісте болады. Бүгін футболшыларға тығыз кестеге де, ауа райына да байланысты қиынға соқты», – деп түйіндеді Мартин.
ҚПЛ-2026 маусымының 18-турында «Ордабасы» өз алаңында семейлік «Елімайды» 3:1 есебімен басым түсті. Алаң иелерінен Бьорн Йонсен, Ги-Марселин Килама және Эльхан Астанов (пенальтиден) мергендік танытса, қонақтар сапынан жалғыз допты Фессу Плакка соқты.
Бұл жеңіс молдовалық маманның шәкірттеріне 43 ұпай жинап, «Қайратты» бір ұпайға басып озып (бір ойыны қорыда бар), турнирлік кестеде қайта көш бастауға мүмкіндік берді. Ал Андрей Карпович баптайтын «Елімай» 26 ұпаймен жетінші орында келеді.
«Ордабасының» бас бапкері Қазақстан құрамасында жұмыс істеу жайлы қауесетке жауап берді
Читайте также
Главные новости
Экс-тренер «Кайрата» – о матче с «Омонией»: шансы равны, главное – не проиграть на Кипре
1Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Астана
Актобе
Улытау
Елимай
Женис
Тобол
Кайсар
Атырау
Жетысу
Каспий
Кызылжар
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Ернар Ламқадыров