«ҚПЛ-да өмір бойына жететін байлық жинауға болады»: «Қайсардың» экс-легионері Қазақстандағы жалақы туралы
13 апреля, 08:28
Фото: Кларенс Битанг
Қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы камерундық жартылай қорғаушысы Кларенс Битанг ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан премьер-лигасындағы жалақы туралы айтты.
«Әрине, Қазақстанда үлкен ақша табуға болады. Көптеген жергілікті клубтардың бюджеті тым «көптірілген». Барлығы футболшының өзі ауысқан командаға қандай пайда әкеле алатынына байланысты. «Астана» мен «Тобыл» сияқты клубтарда «қыруар» ақша табуға болатыны түсінікті. Мұндай командаларда үлкен соманы оңай алуға болады. Қазақстанда бірнеше жыл ойнап, өміріңнің соңына дейін жететін байлық жинап алуға болады», – деп бастады Битанг.
Елде болған кезіндегі жағымсыз жайттар туралы айта келе, камерундық ойыншы тек төлемдердің тұрақсыздығын ерекше атап өтті:
«Шынымды айтсам, Қазақстандағы жалғыз мәселе – жалақының кешіктірілуі. Қалғанының бәрі жақсы деңгейде болды. Клубтарға жақсы қолдау көрсетіледі, елде футболды жақсы көреді», – деп қорытындылады футболшы.
Естеріңізге сала кетейік, Кларенс Битанг үш маусым бойы – 2019 жылдан 2021 жылдың соңына дейін қызылордалық «Қайсардың» намысын қорғады. «Қасқырлармен» бірге жартылай қорғаушы Қазақстан Кубогының иегері атанды. ҚПЛ аясында ол барлығы 51 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Қазіргі уақытта камерундық ойыншы Ирак чемпионатында «Аль-Завраа» клубының сапында өнер көрсетеді. Футболшының нарықтық құны 150 мың еуроға бағаланып отыр.
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица
Кайрат
Елимай
Окжетпес
Ордабасы
Кызылжар
Астана
Улытау
Атырау
Актобе
Иртыш
Жетысу
Кайсар
Женис
Алтай
Тобол
Каспий
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Брайтон
Сандерленд
Борнмут
Фулхэм
Кристал Пэлас
Ньюкасл Юнайтед
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Тоттенхэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Осасуна
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Жирона
Райо Вальекано
Валенсия
Мальорка
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Майнц
Аугсбург
Унион Берлин
Гамбург
Кёльн
Боруссия М
Вердер
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Наполи
Милан
Ювентус
Комо
Рома
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Дженоа
Парма
Фиорентина
Кальяри
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Марсель
Лион
Ренн
Монако
Страсбур
Лорьян
Тулуза
Брест
Париж
Анже
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов