«Сонымен, ұятсыз кім?»: журналист Головкинге қатаң жауап қайтарды

30 қыркүйек, 18:46

«Сонымен, ұятсыз кім?»: журналист Головкинге қатаң жауап қайтарды

Фото: Геннадий Головкин және Аслан Қаженов

Спорт журналисі Аслан Қаженов эмоционалды жазба жариялап, ҚР ҰОК және World Boxing басшысы Геннадий Головкинмен сырттай сөз таласын жалғастырды.

Бұл жолы қатаң сынға Нагоядағы Азия ойындарындағы даулы төрелік пен қазақстандық спортшылардың құқықтарының еленбеуі себеп болды, деп хабарлайды ASnews.kz.

Өзінің үндеуінде Қаженов төрешілердің әділетсіз шешімдеріне наразылық білдіріп, әлемдік бокс басшылығын әрекетсіздігі үшін айыптады.

«Бокстағы былықтарды көріп жатсыздар. Кеше сол нәрсені жазып едім, «халық жауы» болып кеттім. Иә, мен-ақ жаман болайын. Бірақ, ақиқат айтылуы керек. Бір кісінің әлемдік бокс тізгінін алғанына бір жыл болды. О баста бәрі ашық әрі әділ болады деген мәлімдеме жасалды. Бірақ, шынымен де үш боксшымыздың жеңісі ұрланды. Көзінше ұрланды. Жүйе әлі реттелмеді. Оның үстіне, көзімізді бақырайтып қойып, «ал, не істей аласыңдар, қазақтар?» – дегенге келтіріп тұр», – деп жазды журналист.

Төрешілер қатарына бірде-бір қазақстандық маманның шақырылмағаны, ал жекпе-жектерге бокс дәстүрі аса мықты емес елдердің өкілдері қазылық етіп жатқаны Қаженовтің ерекше ашуын туғызды.

«Гватемала, Шри-Ланка, Аргентинадан алдырыпты... Ол елдерде жалпы бокс болып па еді? Азия елдерінен десеңіз, өзбегің бар, тәжігің бар, жапоның бар. Қазақ қана жоқ. Бұл не масқара? Бүгін протест беріліпті. Ол қаралмайды ғой, жеңіс қайтпайды. Кеше де айттым ғой: менімен алысқанша, төрешілермен алысыңдар, жүйемен алысыңдар! Мені жеңерсіңдер. Ал, ана жақта есеміз кетсе, не қайыр?! Жемқорлыққа батқандардың желкесін түйіп, былыққа батқандардың көзін құрту керек. Тізгінді алдың ба, айырып тұрып жұмыс істеу керек! Қазақ боксшылары мен бапкерлерінің еңбегі еш кетпеу керек. Сонымен, ҰЯТСЫЗ КІМ СОНЫМЕН?!» – деп түйіндеді ол.

Қаженов пен Головкин арасындағы кикілжің бірнеше күн бұрын Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында басталған болатын. Журналист атақты чемпионмен амандасуға барған кезде, ҚР ҰОК басшысы оны «бесстыжий» (ұятсыз) деп атаған. Бұған жауап ретінде Қаженов шенеунікті отандастарына тиісуді доғарып, спортшыларды нақты қорғаумен айналысуға ашық түрде шақырды.

Қазіргі Азиадада Қазақстан даулы шешімдердің кесірінен бірнеше медалінен қағылып үлгерді. Бокста Виктория Графеева Олимпиада чемпионы Линь Юйтинге (Тайвань) төрешілердің бөлек шешімімен жол берді, қазақстандық сарапшылар бұл шешімді «тоналу» деп бағалады. Жеңіл атлетикада Ясмина Тоқсанбаева марафондық жүрісте Азия рекордын жаңартып, бірінші болып мәреге жеткенімен, кейіннен алтын медалінен айырылды. Жарыс алдында экипировка ресми тексеруден өткеніне қарамастан, оның кроссовкасының моделі (ASICS) World Athletics рұқсат еткен аяқ киімдердің өзекті тізімінде жоқ болып шықты.

Оған қоса, соңғы кездері Геннадий Головкиннің өз тұлғасының айналасында да шиеленісті ақпараттық фон қалыптасты. 2026 жылдың тамызында шенеунік даулы украиналық «Миротворец» сайтының базасына енгізілді. Бұған ол басқаратын World Boxing ұйымының ресейлік және беларусь боксшыларынан шектеулерді алып тастап, оларға ұлттық туы мен әнұранымен турнирлерде өнер көрсетуге рұқсат беру туралы шешімі себеп болды. Сайтта Головкинді спортшыларды жарысқа жіберу туралы осы шешімі үшін «ресейлік агрессияны ашық қолдады» деп айыптады.

«Адам болу керек»: журналист Азия ойындарында Головкинге қатаң жауап қайтарды

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  30 қыркүйек, 20:01

Постекоглудың шәкірті әрі Қытай чемпионы: Ван ’т Схипке дейін Қазақстан құрамасын кім басқаруы мүмкін еді

1
Басқа  30 қыркүйек, 18:46

«Сонымен, ұятсыз кім?»: журналист Головкинге қатаң жауап қайтарды

2
Ұлттық құрама  30 қыркүйек, 17:44

«Словакияны өз алаңымызда таңғалдырамыз»: комментатор Қазақстанның Ұлттар лигасындағы ойынын оң бағалады

3
Халықаралық футбол  30 қыркүйек, 16:08

Ла Лига футболшысы Қазақстан құрамасына қосылуы мүмкін

4
Басқа  30 қыркүйек, 13:40

«Еркек секілді әрекет жаса»: Головкин мен Утешеваның арасындағы жанжал туралы не білеміз?

5
Ұлттық құрама  30 қыркүйек, 12:46

«Әдемі гол соқты»: Владимир Вайсс Қазақстан құрамасының ойынын бағалады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22