Матч орталығы
Талғат Байсуфинов: «Қайрат» ойыншылары Фарер аралдарына қарсы ойнамайды
15.11.2025 22:00

Фото: Темирлан Анарбеков
Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Фарер аралдарымен болатын ойынға «Қайрат» футболшылары бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Анарбеков бүгін барын салды. «Қайрат» футболшылары түгелімен жақсы ойнап шықты. Олар әлі еурокубокта ойнап жатқандықтан, Фарер аралдарымен болатын ойынға апармай, демалыс беруді жөн көрдік. Басшылықпен ақылдасып, сондай шешім қабылдадық. Сондықтан Темірлан, Дастан секілді жігіттер үйіне қайтып, қалпына келу жұмыстарымен айналысады», – деді Байсуфинов.
Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчында Бельгиямен тең ойнады (1:1). Дастан Сәтпаев ұлттық құрамадағы дебюттік голын соқты.
Енді Талғат Байсуфинов шәкірттері 18 қараша күні Хорватия жерінде Фарер аралдарымен жолдастық матч өткізеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 24 қазан, 17:02
ҚПЛ-дың үздік сұрмергені Бьорн Йонсен Қазақстанға тез бейімделуінің сырымен бөлісті
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
63
3
52
4
51
5
45
6
44
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
27
13
26
14
26
15
26
16
24
Әлім Динасылов