Матч орталығы

Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ОқжетпесОқжетпес
1:0Аяқталды
ҚызылжарҚызылжар
Хоккей
РесейКХЛ
СибирьСибирь
0:1Аяқталды
БарысБарыс
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ЖетісуЖетісу
2:1Аяқталды
ҚайсарҚайсар
Футбол
АнглияПремьер-лига
ЭвертонЭвертон
0:2Аяқталды
ЧелсиЧелси
Футбол
АнглияЧемпионшип
МидлсброМидлсбро
2:2Аяқталды
КардиффКардифф
Футбол
АнглияЧемпионшип
МиллуоллМиллуолл
2:2Аяқталды
ЛинкольнЛинкольн
Футбол
АнглияЧемпионшип
УотфордУотфорд
2:0Аяқталды
ЧарльтонЧарльтон
Футбол
ИспанияЛа Лига
ЭспаньолЭспаньол
0:1Аяқталды
АтлетикоАтлетико
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ТобылТобыл
4:2Аяқталды
ЖеңісЖеңіс
Теннис
ATPАлматы мужчины
Александр ШевченкоАлександр Шевченко
2:1Аяқталды
Даниил ГлинкаДаниил Глинка
Футбол
ИталияА сериясы
ВенецияВенеция
1:0Аяқталды
НаполиНаполи
Футбол
ТүркияСуперлига
ГенчлербирлигиГенчлербирлиги
0:1Аяқталды
ГалатасарайГалатасарай
Футбол
ГерманияБундеслига
ШалькеШальке
0:1Аяқталды
МайнцМайнц
Футбол
ГерманияБундеслига
ЭльверсбергЭльверсберг
4:3Аяқталды
АугсбургАугсбург
Футбол
ГерманияБундеслига
ВердерВердер
2:2Аяқталды
ПадерборнПадерборн
Футбол
ГерманияБундеслига
УнионУнион
0:0Аяқталды
БоруссияБоруссия
Футбол
ГерманияБундеслига
ГамбургГамбург
1:0Аяқталды
ШтутгартШтутгарт
Футбол
АнглияЧемпионшип
БирмингемБирмингем
3:0Аяқталды
КПРКПР
Футбол
АнглияПремьер-лига
Манчестер СитиМанчестер Сити
3:2Аяқталды
ИпсвичИпсвич
Футбол
АнглияПремьер-лига
ФулхэмФулхэм
1:0Аяқталды
ХаллХалл

«Ойыншыларды емес, мені сынаңыздар»: «Жеңіс» бапкері «Тобылдан» ұтылған матчты қорытындылады

17 қазан, 21:10

«Ойыншыларды емес, мені сынаңыздар»: «Жеңіс» бапкері «Тобылдан» ұтылған матчты қорытындылады

Фото: Владимир Слишкович

«Жеңістің» бас бапкері Владимир Слишкович ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚПЛ-дың 23-турындағы «Тобылға» қарсы кейінге шегерілген матчтың (2:4) қорытындысын шығарды.

12 соққыға қарсы 24 соққы: елордалықтар мұндай қысымға дайын болды ма?

«Мұнда бізден де мықты командалар ұтылған. Біз кез келген біреумен ойнауға келген жоқпыз. Менің ойымша, «Тобыл» – құрамы бойынша чемпионаттағы үздік үштікке кіретін команда, сондықтан олардың қауіпті сәттер тудыратынын білдік. Команда маусымды нашар бастап, өзгерістерге ұшырағаны түсінікті, бірақ оған көп ақша жұмсалды.

Бірінші таймда бізде де мүмкіндіктер болды, бірақ тағы бір пенальти біздің жағдайымызды құртты. Сіз айтып отырған соққылар есеп 4:2 болғаннан кейін жасалды. Біз алға ұмтылдық, сөйтіп артта көп бос кеңістік қалдырдық. Ұмытпаңыздар, позициялық шабуылдар бар, сондай-ақ қарымта шабуылдар да бар. Айта кету керек, «Тобыл» лайықты жеңіске жетті, бірақ оны тереңірек талдау керек: ол қандай соққылар болды, қаншалықты қауіпті еді...

Осы аптада жұмыс істеген стандарттарды пайдалана алмағанымыз өкінішті-ақ. Екі жақсы мүмкіндік болды. Мысалы, Тевзадзенің соққысын қақпашы қайтарды. Бірақ қайталап айтамын, ойын 4:2 есебімен аяқталып қойған еді. Қиын болды: жүйені өзгерттік, аяқталуға 20 минут қалғанда алға ұмтылдық, ал қарсыласымыз өте сапалы болды».

Негізгі құрамда 2008 жылғы шабуылшының шығуы туралы

«Расильге көңілім толады. Бізбен бірге өткізген екі-үш апталық жаттығуда ол өзіне сенім артуға болатынын көрсетті. Мықты орталық қорғаушыға қарсы ауыр ойында негізгі құрамда дебют жасағанда, әрине, оңай болмайды. Дегенмен Исаев менің талап еткенімді орындады.

Сондай-ақ Сантананың жарақаттан кейін 30 минутқа жуық ойнағаны қуантады. Ол – біз үшін маңызды ойыншы. Бұдан бөлек, Бесенғалиев пен Құдайбергенов сияқты жас жігіттер бар. Олар жұмыс істеуі керек. Мен мүмкіндік беруден қорықпайтын бапкерлердің қатарынанмын. Бізде 17 жаста сен әлі жассың деп санайды, ал басқа жақта бұл жаста әлем чемпионатын жеңіп жатады.

Жас немесе кәрі футболшы деген ұғым жоқ – «қолыңнан келе ме, келмей ме» деген бар. Жоғарыда аталған жігіттерде энергия тасып тұр, олар тек жаттығуда ғана емес, ҚПЛ-де де өз минуттарын алатын болады».

«Оқжетпес» пен «Атыраудан» ұтылған соң Слишковичтің командаға сұрағы болмаған еді. Ал бұл жолы ше?

«Ешқандай кінә таға алмаймын. Мен өз командамды және олардың қазіргі уақытта не нәрсеге қабілетті екенін білемін. Мәселелерден де хабардармын – кейбір ойыншылар бүгін бізбен бірге бола алмады, бірақ... Қолда бары осы. Мен оларды әрдайым қорғаймын. Егер біреуге шабуыл жасау керек болса, онда тек мені сынаңыздар. Олардың еш кінәсі жоқ.

Өткен ойында (1:2 «Атырауға» қарсы) алғашқы 45 минутқа көңілім толмады, бірақ екінші таймға ырза болдым. Біз шынымен де кем дегенде бір ұпайға лайық едік. Бүгін де ештеңе айта алмаймын – жігіттер бар күшін салды. Олардың бейжай қарамағаны жақсы.

Бұл – маусымның соңы. Біз еурокубоктар үшін таласып жатқан жоқпыз, бірақ жалпы көрініс біршама позитивті болуы үшін футболшылар барын салуда. Келесі матч та осындай ауыр болады – бізді «Тобыл» деңгейіндегі қарсылас күтіп тұр, бірақ әрқайсысымен ойнау керек. Бұл өзіміз үшін қажет тарих. Бүгін жеңілгеніміз, ертең де ұтыламыз деген сөз емес. Ешкім үміттенбесе де, біз ұпай алуды көздейміз», – деді 43 жастағы босниялық маман.

Еске салайық, «Тобыл» Амин Талал, Виталий Лисакович, Асхат Тағыберген және Жасұлан Жұмашевтің голдарының арқасында «Жеңісті» ірі есеппен жеңді. Оның екеуі 11 метрлік айып добынан соң соғылды. Осылайша, елордалық клуб ҚПЛ кестесінде 10-орынға төмендеді. Дисквалификацияға байланысты бұл ойында командаға Жиан Мартинс пен Мәди Хасейн көмектесе алмады.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  17 қазан, 22:53

«Циркке ұқсайды»: «Ақтөбе» бапкері «Ордабасыдан» ұтылған матчқа қатысты пікір білдірді

1
ҚПЛ  17 қазан, 21:10

«Ойыншыларды емес, мені сынаңыздар»: «Жеңіс» бапкері «Тобылдан» ұтылған матчты қорытындылады

2
Халықаралық футбол  17 қазан, 18:10

Тағы да ойыннан тыс: «Крылья Советов» Чесноковсыз өткен матчта жеңіліп қалды

3
ҚПЛ  17 қазан, 15:38

ҚПЛ клубтарының экс-ойыншысы Украинадағы соғыста қаза тапты

4
ҚПЛ  17 қазан, 12:50

«Ордабасының» жеңісіне сенбеймін»: сарапшы ҚПЛ-дың орталық матчына болжам жасады

5
Халықаралық футбол  17 қазан, 10:25

Отставкаға кете ме? Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
28
21
4
3
38
67
2
ҚайратҚайрат
27
18
6
3
32
60
3
АстанаАстана
27
15
6
6
17
51
4
ОқжетпесОқжетпес
28
14
6
8
5
48
5
АқтөбеАқтөбе
28
13
6
9
7
45
6
ЕлімайЕлімай
27
11
8
8
1
41
7
ТобылТобыл
28
12
4
12
1
40
8
ҰлытауҰлытау
27
9
8
10
-6
35
9
КаспийКаспий
27
9
5
13
-8
32
10
ЖеңісЖеңіс
28
8
8
12
-9
32
11
ҚызылжарҚызылжар
28
7
6
15
-13
27
12
АтырауАтырау
27
5
11
11
-10
26
13
ЕртісЕртіс
27
6
8
13
-11
26
14
АлтайАлтай
27
6
7
14
-11
25
15
ЖетісуЖетісу
28
6
7
15
-18
25
16
ҚайсарҚайсар
28
4
12
12
-15
24