Матч орталығы

ҚПЛ клубтарының экс-ойыншысы Украинадағы соғыста қаза тапты

17 қазан, 15:38

ҚПЛ клубтарының экс-ойыншысы Украинадағы соғыста қаза тапты

Фото: Роман Максимюк

Украина ұлттық құрамасының және қазақстандық «Атырау» мен «Қазақмыс» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роман Максимюк Украина аумағында Ресейге қарсы соғыс барысында қаза тапты, деп хабарлайды ASnews.kz.

Спортшы 2022 жылдың күзінде Украина қарулы күштерінің (УҚК) қатарына өз еркімен қосылған. Ол Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25-ші жеке Січеслав әуе-десанттық бригадасының құрамында қызмет етті.

Әскери қызметкер отбасымен соңғы рет 2025 жылдың 30 қаңтарында байланысқа шыққан. Сол кезде ол әйеліне Покровск бағытындағы жауынгерлік позицияларға аттанатынын ескерткен, осыдан кейін онымен байланыс үзілген. Бұрынғы футболшы ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болды, алайда енді оның қаза тапқанын жұбайы Вера Максимюк ресми түрде растады.

«Менің Ромамды ұмытпауларыңызды сұраймын. Ол жай ғана хабар-ошарсыз кеткен адам емес еді. Ол аяулы жар, әке, ұл, адал дос болды. Ол – бәрі жақсы көрген және сарыла күткен адам еді», – деп жазды марқұмның жесірі.

Айта кетейік, 2008 жылы Максимюк «Атыраудың» намысын қорғап, команда сапында 10 матч өткізді және бір гол соқты. Кейін, 2009-2010 жылдар аралығында, жартылай қорғаушы сәтбаевтық «Қазақмыс» сапында өнер көрсетіп, 26 кездесуде екі голмен көзге түсті.

Өз мансабында экс-жартылай қорғаушы киевтік «Динамо», «Днепр», луцктік «Волынь», одессалық «Черноморец» және санкт-петербургтік «Зенит» қатарында да ойнап үлгерген. Киевтіктер сапында ол 1999/2000 жылғы маусымда Украина чемпионы әрі Кубогының иегері атанды. Сондай-ақ Максимюктің еншісінде Украина ұлттық құрамасы сапында өткізген бес ресми матч бар.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  17 қазан, 15:38

ҚПЛ клубтарының экс-ойыншысы Украинадағы соғыста қаза тапты

1
ҚПЛ  17 қазан, 12:50

«Ордабасының» жеңісіне сенбеймін»: сарапшы ҚПЛ-дың орталық матчына болжам жасады

2
Халықаралық футбол  17 қазан, 10:25

Отставкаға кете ме? Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты

3
ҚПЛ  16 қазан, 21:03

«Ордабасы» қысқы оқу-жаттығу жиындарының жоспарын бекітті: толығырақ

4
Басқа  16 қазан, 19:32

Орташа жасы – 21,9: «Шахтер» «Тұранға» қарсы матчта жастарға мүмкіндік берді

5
ҚПЛ  16 қазан, 16:36

«Елімай» капитаны Рамазан Оразов мансабын өзге клубта жалғастыруы мүмкін

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
27
20
4
3
36
64
2
ҚайратҚайрат
27
18
6
3
32
60
3
АстанаАстана
27
15
6
6
17
51
4
АқтөбеАқтөбе
27
13
6
8
9
45
5
ОқжетпесОқжетпес
27
13
6
8
4
45
6
ЕлімайЕлімай
27
11
8
8
1
41
7
ТобылТобыл
27
11
4
12
-1
37
8
ҰлытауҰлытау
27
9
8
10
-6
35
9
ЖеңісЖеңіс
27
8
8
11
-7
32
10
КаспийКаспий
27
9
5
13
-8
32
11
ҚызылжарҚызылжар
27
7
6
14
-12
27
12
АтырауАтырау
27
5
11
11
-10
26
13
ЕртісЕртіс
27
6
8
13
-11
26
14
АлтайАлтай
27
6
7
14
-11
25
15
ҚайсарҚайсар
27
4
12
11
-14
24
16
ЖетісуЖетісу
27
5
7
15
-19
22