Матч орталығы
Тер Стеген мен Онанадан алда тұр: Анарбеков Конференция лигасындағы үздік қақпашылардың қатарына енді
16 қазан, 13:45

Фото: Темірлан Анарбеков
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Конференция лигасында ең көп сейв жасаған голкипердердің қатарына енді, деп хабарлайды ASnews.kz.
23 жастағы қақпашы «Ригамен» болған ойында пенальти қайтарып, жеті сейв жасады. Алғашқы турда Темірланға қарағанда «Линкольн Ред Импс» қақпашысы Джейлан Хенкинс ғана көп сейв жасаған.

Ал бүкіл әлемге танымал қақпашылар – Марк-Андре тер Стеген мен Андре Онана 6 сейвпен Анарбековтен кейінгі орындарда тұр.
Конференция лигасының бірінші турында пенальти қайтарған үш қақпашы бар екен: Темірлан Анарбеков, Андре Онана («Трабзонспор»), Младен Юркас («Борац»).
«Қайрат» Конференция лигасындағы келесі ойынын 22 қазан күні өз алаңында «Панатинаикосқа» (Грекия) қарсы өткізеді.
Ернар Ламқадыров