Матч орталығы
«Рига» «Қайратты» жеңеді»: Қазақстан чемпионы алматылықтардың КЛ-дағы қарсыласы туралы
14 қазан, 16:11

Фото: «Қайрат» ФК
Қарағандылық «Шахтер» мен Латвия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Эдуард Вишняков ASnews.kz сайтына берген сұхбатында алматылық «Қайраттың» Конференциялар лигасындағы «Ригаға» қарсы өтетін матчынан не күтетінін айтып, кездесу нәтижесіне қатысты өз болжамын жасады.
«Меніңше, бізді екі мықты команда арасындағы қызықты матч күтіп тұр. «Рига» – сапалы футболшылары бар, соңғы жылдары Латвия чемпионатында жоғары орындар үшін тұрақты таласып жүрген беделді клуб. Менің ойымша, команданың еуропалық аренада лайықты өнер көрсетуге сапасы мен әлеуеті жетерлік.
Ал «Қайратқа» келер болсақ, олар Чемпиондар лигасында ойнаған өткен жылмен салыстырғанда нашарлап кетті деп айтпас едім. Футбол өзгеруде, әр маусым әртүрлі өтеді, көп нәрсе ойыншылардың бабына, тактикаға және нақты матчқа байланысты. Көп мәселе ұсақ-түйектер арқылы шешіледі деп ойлаймын, екі команданың да мүмкіндігі бар. Бірақ жеке өзім «Рига» жеңіске жетеді деп есептеймін», – деді Вишняков.
Айта кетейік, 36 жастағы Эдуард Вишняков 2026 жылдың басында кәсіби мансабын аяқтады. Бұрынғы оң қаптал вингері қазақстандық жанкүйерлерге қарағандылық «Шахтер» сапындағы ойындарымен (2012–2013 жылдары) жақсы таныс. Кеншілер сапында ол Қазақстан чемпионы және Кубогының иегері атанған болатын. Сондай-ақ, футболшы өз мансабында Латвия, Польша, Бельгия, Беларусь және Румынияның жоғары дивизиондарында өнер көрсетті. Оның еншісінде Латвия ұлттық құрамасы сапында өткізген 15 ойыны мен бір нәтижелі пасы бар.
«Қазақстанда пиарға көп ақша жұмсалады»: шетелдік ойыншы ҚПЛ мен Латвия чемпионатын салыстырды
Әлім Динасылов