Матч орталығы
«Рига» плей-оффқа таласады»: Латвия құрамасының экс-ойыншысы «Қайраттың» КЛ-дағы қарсыласы туралы
14 қазан, 08:11

Петропавлдық «Қызылжар» мен Латвия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Владислав Сорокин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында алматылық «Қайраттың» Конференциялар лигасының бірінші турындағы «Ригаға» қарсы өтетін матчынан не күтетінін айтты.
«Рига» жылдан жылға жақсы бабында, оларда сапалы футболшылар көп жиналған. Балтық жағалауында бұл команда басты брендтердің бірі саналады. Екі чемпионаттың ойын стиліне байланысты бұл матчта алаң қожайындары допқа көбірек иелік етеді деп ойлаймын. Негізінен Латвия командаларының басты мақсаты – еурододалардың бірінің жалпы кезеңіне өту. Бірақ «Риганың» жеребесіне қарайтын болсақ, олардың одан әрі өту үшін де таласуы әбден мүмкін», – деді Сорокин.
Айта кетейік, «Рига» мен «Қайрат» арасындағы матч 15 қазан күні Латвия астанасындағы «Сконто» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады. Алматылық команда осы ойынға дайындалу үшін кездесу өтетін жерге барып үлгерді.
2024 жылғы маусымда оң қаптал қорғаушысы Владислав Сорокин Қазақстан премьер-лигасында петропавлдық «Қызылжар» намысын қорғап, 24 матч өткізді және бір нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ, оның еншісінде Латвия ұлттық құрамасы сапында өткізген 10 ойын бар.
«Ақтөбенің» экс-капитаны «Қайратқа» ескерту жасады: «Рига» – мықты команда
Әлім Динасылов