Қытайдағы қазақ бапкер: шет елдер инфрақұрылымды дамытты, ал біз әлі де жасанды төсеніште ойнаймыз
28 февраля, 12:42
Фото: Самат Отарбаев
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қақпашысы және қазір Шыңжаң (ҚХР) жастарының қақпашылар бапкері болып қызмет атқарып жүрген Самат Отарбаев ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан мен Қытайдағы футбол инфрақұрылымын салыстырды.
Отарбаевтың айтуынша, Қытай футболы ойын сапасы бойынша Қазақстаннан артта болғанымен, инфрақұрылымға жасалып жатқан инвестиция көлемі өте үлкен және жүйелі:
«Қытайда инфрақұрылым қатты дамыған. Үрімжінің өзінде үш керемет стадион бар — біреуі 35 мың адамдық, жаңа, табиғи көгал, бірақ бос, үсті шаң басып тұр. Жаттығу базасында үш алаң бар: екеуі табиғи, біреуі жасанды. Қытайда осындай ареналар толып жатыр. Мемлекет футболға үлкен қаржы құюда — тек ойыншыларға емес, инфрақұрылымға да», — деді ол.
Сонымен қатар ол Қазақстанның соңғы жылдары ұлттық құрамамен нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтсе де, инфрақұрылым мәселесі әлі де шешілмей келе жатқанын айтты:
«Қазақстанда инфрақұрылым жоқ болса да, футболымыз бір қадам алда. Бірақ Қытай бізге жақындап келеді. Бізде жылдар бойы ақша шетелдік ойыншылардың жалақысына кетті, ал инфрақұрылымға дұрыс назар бөлінбеді. Нәтижесінде мемлекет қанша қаражат бөлсе де, үлкен өзгеріс көрінбеді», — деді Отарбаев.
Ол кей өңірлердегі шешімдерді түсіне алмайтынын да ашық айтты:
«Қызылордада жаңа стадион салынды. Қар жоқтың қасы, табиғи көгал үшін идеал аймақ. Сонда неге жасанды төсеніш төсейді? Исландияның өзі табиғи алаңда ойнайды. Жасанды көгал арзан, күтімі аз деп ойлайды — бірақ бұл үнемдеу жарақаттарды көбейтеді. Тіпті Астананың өзінде табиғи алаң орнатуға болады, жылытқыштар арқылы күтім жасайтын елдер қаншама», — деді ол.
Отарбаевтың кәсіби жолында «Ордабасы», «Қыран», «Ақтөбе» және «Тараз» клубтары бар. 2013 жылы ұлттық құрамаға шақырылғанымен, сапта алаңға шығу мүмкіндігі болмады.
Қазіргі уақытта 35 жастағы маман Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі U-18 және U-20 құрамаларында қақпашылар бапкері қызметін атқаруда.
Бұған дейін экс-футболшы Шыңжаң өлкесіндегі бапкерлік жұмысы туралы айтып берді.
Читайте также
Главные новости
«Карточки должны быть для обеих команд, а не только для нас»: форвард «Кызылжара» – о поражении «Елимаю»
1Опорник «Сутьески»: в команде надеялись, что «Кайрат» не попадется на жеребьевке
3Турнирная таблица
Кайрат
Ордабасы
Окжетпес
Елимай
Улытау
Астана
Актобе
Атырау
Жетысу
Женис
Кызылжар
Кайсар
Тобол
Иртыш
Алтай
Каспий
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов