«Қарсылас тарапынан менсінбеушілік байқалады»: «Жайық» директоры «Қайратқа» қарсы матч туралы
8 апреля, 08:12
Фото: «Жайық» ФК
Оралдық «Жайықтың» маркетинг жөніндегі директоры Асхат Ішмұхамбетов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан Кубогының 1/16 финалы аясындағы «Қайратқа» қарсы ойыннан күтетін үмітімен бөлісті.
«Әрине, бұл клуб құрылғаннан бергі ең үлкен матчтардың бірі болмақ. Екінші лигада атқарған барлық жұмысымыз қазір өз жемісін беріп жатыр. Билеттер сатылымға шыққан сәттен бастап үш сағат ішінде толық сатылып кетті (солдаут). Бұл 8200 орын, бұл біздің еңбегіміздің көрсеткіші. Былтыр «Жайық» екінші лигада ең көп жанкүйер жинайтын клуб болды. Сандарға тоқталсақ, бұрын «Ақжайық» стадионына 2500 адам жинайтынбыз. Қазіргі Орал футболының тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш 5000 адам болған. Бүгінгі матч – тарихи оқиға.
Сондай-ақ стадионның ескі екеніне қарамастан, LED-борттар орнатып, жаңа көгал төсеп, стадион мен трибуна астындағы орындарды жөндегенімізді атап өткен жөн. Жаңа табло орнаттық. Сонымен қатар жаңа автобус сатып алып, оны брендтедік. Бүгін ҚФФ өкілі келіп, билеттердің толық сатылғаны мен жақсы жағдай жасалғанын бағалап кетті. Оралда үлкен дүрбелең болып жатыр. Тіпті ҚПЛ-дың өзінде матчтарға мұндай деңгейде дайындық жоқ. Ұйымдастыруға көмек ұсынғаны үшін әкімдікке алғыс айтамыз. Билет бағасының салыстырмалы түрде арзан болғанына қарамастан, мұндай ажиотажды күтпедік. Матчқа қаланың бірінші басшылары да қызығушылық танытып отыр. Оралда үлкен футбол мерекесі болады», – деді функционер.
Алдағы ойынның спорттық құрамдас бөлігіне тоқталған маркетинг жөніндегі директор оралдық ұжымның жоғары мотивациясын атап өтті:
«Команданың көңіл-күйі жауынгерлік, ал ондағы атмосфера тамаша. Былтыр біз жергілікті жігіттермен ойнап, чемпион атандық. Биылғы маусымда төрт жаңа ойыншы алып, команданы күшейттік. «Қайратты» немен жеңе аламыз? Объективті түрде алғанда, қарсыластың деңгейі жоғары, бірақ көңіл-күй үлкен рөл атқарады. Олардың тарапынан белгілі бір деңгейде менсінбеушілік байқалады. «Қайрат» еш жерде матчтың афишасын жарияламады, бәлкім, олар бізді мықты қарсылас ретінде көрмейтін шығар. Өз алаңымызда ойнаймыз, бас бапкеріміз Вячеслав Невольников – нағыз еңбекқор маман. Жаңа ойыншыларға да тәсіл мен жаттығу үрдісі ұнады. Бірінші лига командасы болғанымызға қарамастан, біз талапты төмендетпейміз. Команданың ұйымдастырылу деңгейі Қазақстанның топ-клубтарынан кем емес», – деп мәлімдеді Ішмұхамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кубогының 1/16 финалындағы матч 8 сәуірде Оралда өтеді. БАҚ ақпаратынша, алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» турнирдің бұл сатысындағы матчтарға негізгі құрамды шығармайды.
Айта кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша оралдық «Жайық» екінші лиганың чемпионы атанған болатын.
Читайте также
Главные новости
КПЛ 8 апреля, 17:20
Экс-бомбардир сборной Узбекистана: интересно, для чего «Астана» арендовала Абдурасулова
1
КПЛ 8 апреля, 15:38
Вингер «Актобе» – о матче против «Кайрата»: не понравился стиль игры соперника
2
КПЛ 8 апреля, 12:19
«Астана» рискнула, узбек из «Окжетпеса» – топ: что ждет Абдурасулова и Абдуманнонова
3
Разное 8 апреля, 08:12
«Есть недооценка со стороны соперника»: директор «Жайыка» рассказал о матче против «Кайрата»
4Турнирная таблица
Казахстан. Премьер-лига
#
Команда
Ұпай
1
Астана 7
2
Ордабасы 7
3
Окжетпес 7
4
Кайрат 7
5
Елимай 5
6
Кызылжар 4
7
Улытау 4
8
Иртыш 3
9
Атырау 3
10
Актобе 3
11
Алтай 2
12
Женис 2
13
Кайсар 2
14
Жетысу 2
15
Каспий 1
16
Тобол 1
#
Команда
Ұпай
1
Арсенал 70
2
Манчестер Сити 61
3
Манчестер Юнайтед 55
4
Астон Вилла 54
5
Ливерпуль 49
6
Челси 48
7
Брентфорд 46
8
Эвертон 46
9
Фулхэм 44
10
Брайтон 43
11
Сандерленд 43
12
Ньюкасл Юнайтед 42
13
Борнмут 42
14
Кристал Пэлас 39
15
Лидс 33
16
Ноттингем Форест 32
17
Тоттенхэм 30
18
Вест Хэм 29
19
Бёрнли 20
20
Вулверхэмптон 17
#
Команда
Ұпай
1
Барселона 73
2
Реал Мадрид 69
3
Вильярреал 58
4
Атлетико Мадрид 57
5
Бетис 44
6
Сельта 41
7
Реал Сосьедад 38
8
Хетафе 38
9
Атлетик Бильбао 38
10
Осасуна 37
11
Эспаньол 37
12
Валенсия 35
13
Жирона 34
14
Райо Вальекано 32
15
Севилья 31
16
Алавес 31
17
Эльче 29
18
Мальорка 28
19
Леванте 26
20
Реал Овьедо 21
#
Команда
Ұпай
1
Бавария 70
2
Боруссия Дортмунд 61
3
Штутгарт 53
4
РБ Лейпциг 50
5
Хоффенхайм 50
6
Байер 04 46
7
Айнтрахт Франкфурт 38
8
Фрайбург 37
9
Унион Берлин 31
10
Аугсбург 31
11
Майнц 30
12
Гамбург 30
13
Боруссия М 29
14
Вердер 28
15
Кёльн 26
16
Санкт-Паули 24
17
Вольфсбург 21
18
Хейденхайм 15
#
Команда
Ұпай
1
Интер Милан 69
2
Милан 63
3
Наполи 62
4
Комо 57
5
Ювентус 54
6
Рома 54
7
Аталанта 50
8
Лацио 43
9
Болонья 42
10
Сассуоло 39
11
Удинезе 39
12
Парма 34
13
Дженоа 33
14
Торино 33
15
Кальяри 30
16
Фиорентина 29
17
Кремонезе 27
18
Лечче 27
19
Верона 18
20
Пиза 18
#
Команда
Ұпай
1
ПСЖ 60
2
Ланс 59
3
Марсель 49
4
Лион 47
5
Лилль 47
6
Монако 46
7
Ренн 44
8
Страсбур 40
9
Тулуза 37
10
Лорьян 37
11
Брест 36
12
Анже 32
13
Париж 31
14
Гавр 27
15
Ницца 27
16
Осер 22
17
Нант 17
18
Метц 14
Әлім Динасылов