Olimpbet маркетинг-директоры – БК-дағы ақшалардың бұғатталуы жайлы: бізге алдын-ала ескерткен жоқ
6 марта, 13:16
Фото: Геннадий Шемраев
Olimpbet компаниясының маркетинг-директоры Геннадий Шемраев Қазақстандағы заңды букмекерлік кеңселер клиенттерінің шоттарына ақша салу және шешіп алу операцияларының жаппай бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Компания өкілінің айтуынша, 4 наурыз күні Қазақстан банктері алдын-ала ескертусіз клиенттердің жеке есептік жазбаларына ақша енгізу және шығару операцияларын тоқтатқан. Бұл жағдай букмекерлік компаниялардың ойын бизнесіндегі Бірыңғай есепке алу жүйесіне (ЕСУ) «Nomapay» ЖШС операторы арқылы қосылу үдерісімен қатар орын алған.
Осыған байланысты компания саланы реттейтін орган — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне ресми түрде жүгініп, интеграция толық аяқталғанға дейін банктермен жұмысты қалпына келтіруге көмектесуді сұраған.
«Бізге алдын-ала ескерту жасалмады. Соның салдарынан клиенттерді дер кезінде хабардар ету мүмкін болмады. Бұл тек заңды букмекерлік брендтерге ғана емес, жалпы қаржы жүйесіне деген сенімге де нұқсан келтірді. Ал ЕСУ жүйесіне қосылуға берілген уақыт пайдаланушылар үшін жеткіліксіз», — деді Шемраев.
Olimpbet компаниясы қазіргі шектеулер ел экономикасы мен отандық спортты қолдау ісіне де кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
Компания аймақтағы ірі салық төлеушілердің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке шамамен 40 млрд теңге аударылған. Ал 2020–2025 жылдар аралығында мемлекет қазынасына 230 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Заңды беттинг индустриясының тұрақты жұмысы спортты қаржыландыруға мүмкіндік береді. Olimpbet Қазақстан футбол федерациясының титулдық серіктесі болып саналады (соның ішінде VAR жүйесін енгізуге демеушілік жасаған). Сондай-ақ ұлттық құрамаларды, Alash Pride, NAIZA, RD Boxing сияқты жекпе-жек лигаларын және ірі киберспорт турнирлерін қолдап келеді.
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица
Актобе
Алтай
Астана
Атырау
Иртыш
Каспий
Кызылжар
Ордабасы
Елимай
Женис
Кайрат
Кайсар
Окжетпес
Тобол
Улытау
Жетысу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Борнмут
Фулхэм
Сандерленд
Брайтон
Ньюкасл Юнайтед
Кристал Пэлас
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Атлетик Бильбао
Осасуна
Хетафе
Севилья
Жирона
Валенсия
Райо Вальекано
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Аугсбург
Унион Берлин
Гамбург
Боруссия М
Кёльн
Майнц
Санкт-Паули
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Рома
Комо
Ювентус
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Лацио
Парма
Кальяри
Торино
Дженоа
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Пиза
Верона
ПСЖ
Ланс
Лион
Марсель
Лилль
Ренн
Монако
Страсбур
Брест
Лорьян
Тулуза
Анже
Гавр
Париж
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов