Эксперт — «Тобылдың» экс-футболшысының ӘЧ-на бару мүмкіндігі жайлы: Каннаваро оны танымайды
17 января, 16:20
Фото: Шохбоз Умаров
Өзбекстанда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жүрген ресейлік скаут Николай Егорычев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында былтыр «Тобыл» клубында ойнаған Шохбоз Умаровтың «Бунедкорға» ауысқаннан кейін ұлттық құрама сапына қайта оралу мүмкіндігін бағалады.
«Бунедкорға» ауысуқаннан кейін Умаровтың жағдайы айтарлықтай өзгере қоймайды. Өзбекстан құрамасында вингер позициясында да, оң және сол қапталда да ойыншылар өте көп. Умаров негізгі үміткерлер тобына кірмейді. Қазір одан жоғары бағаланатын футболшылар бар: Остон Урунов, Аббос Файзуллаев, Хожимат Эркинов, Русланбек Жиянов, Алишер Одилов, Жалолиддин Машарипов.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Бунедкор» Өзбекстан чемпионатының өлшемімен алғанда топ-клуб саналмайды. Өткен маусымда команда турнир кестесінде бесінші орын алды. «Бунедкордан» ұлттық құрамаға ойыншылар өте сирек шақыртылады. Соңғы рет ирандық «Тракторға» ауысқан Одил Хамробеков ұлттық құрамаға алынған еді. Негізінен Өзбекстан құрамасына шетелде өнер көрсететін немесе елдің үздік клубтары – «Пахтакор», «Насаф» және «Нефтчи» сапындағы футболшылар шақыртылады. Өткен маусым қорытындысы бойынша алғашқы үш орынды да дәл осы клубтар иеленді», – деді Егорычев.
Сондай-ақ маман ұлттық құрамаға жаңа бас бапкердің келгенін де назарға алды:
«Умаровтың ұлттық құрамаға ұзақ уақыт бойы шақыртылмағанын ескеру керек. Қазіргі бас бапкер – Фабио Каннаваро – Шохбозды мүлде танымайды. Ол соңғы рет екі жыл бұрын, Азия кубогына, алдыңғы бас бапкер Сречко Катанецтің кезінде шақырту алған. Каннавароның ұлттық құрамада көптен бері ойнамаған футболшыны бірден әлем чемпионатына немесе оған дайындық кезеңіне алып баруы екіталай.
Дегенмен, Шохбоз Умаровтың әлем чемпионатына бару мүмкіндігі әлі де бар. Ол үшін 2026 жылғы маусымның алғашқы бөлігін өте сенімді әрі нәтижелі өткізуі қажет. Бірақ жақсы нәтиже де құрамаға шақыртылуға кепіл бола алмайды. Бұған айқын мысал – ОКМК сапында ойнап, кейін «Нефтчиге» ауысқан вингер Хуршид Гиесов. Өткен маусымда ол барлық турнирде 34 матч өткізіп, «гол+пас» жүйесі бойынша 23 (12+11) ұпай жинады. Чемпионаттағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі болғанына қарамастан, Гиесов ұлттық құрамаға шақыртылмады», – деді Егорычев.
26 жастағы Умаров әлем чемпионаты қарсаңында тұрақты ойын тәжірибесін алу үшін Қазақстан Премьер-лигасын тастап, отанына оралды. 2025 жылғы маусымның алғашқы жартысын вингер «Тұран» клубында өткізді (10 матчта 1 гол және 3 нәтижелі пас), алайда кейін «Тобылға» ауысып, команданың негізгі құрамынан орын таба алмады.
Қазақстандағы ең жақсы кезеңін Шохбоз «Ордабасы» клубында (2022–2024) өткізді. Осы командамен бірге ел чемпионы атанды. Футболшы Өзбекстан құрамасы сапында бес матч өткізген.
Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Турнир биыл жазда АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
«Мен – шымкенттікпін»: Мбодж «Ордабасыға» оралу жайлы айтып, «Қайрат» пен «Қарабахты» салыстырды
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица
Актобе
Астана
Кызылжар
Кайрат
Иртыш
Ордабасы
Елимай
Женис
Кайсар
Окжетпес
Атырау
Улытау
Каспий
Алтай
Тобол
Жетысу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Челси
Ливерпуль
Брентфорд
Эвертон
Борнмут
Фулхэм
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Кристал Пэлас
Брайтон
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Валенсия
Райо Вальекано
Севилья
Жирона
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Аугсбург
Гамбург
Унион Берлин
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Майнц
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Рома
Ювентус
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Лацио
Удинезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Торино
Лечче
Фиорентина
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Ренн
Лилль
Монако
Страсбур
Брест
Лорьян
Анже
Тулуза
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлишер Аманжол