Исламхан – шетелдік клубтардың қызығушылығы жайлы: MLS-тан ұсыныс түсті
26.12.2025 15:36
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламхан ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайрат» сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде қандай шетелдік клубтардан ұсыныс түскенін айтты.
«Қайратта» ойнап жүргенімде шетелден ұсыныстар болды. Нақтырақ айтсам, MLS клубтарынан, «Црвена Звезда» мен «Лудогорецтен» шақырту түсті. Бұл – тек маған белгілілері ғана. Ұсыныстардың барлығы клубқа түсетіндіктен, мен білмейтін басқа да нұсқалар болған шығар. Клубтан бұл жайлы сұрамадым, өйткені бар ойым «Қайратта» еді. Командадан кетпей, қала берсем де болар еді. Алайда Қайрат Советайұлына (Боранбаевқа – ред. еск.) өзім барып: «аға, жасым да келіп қалды, барып, бағымды сынап көрейінші», – деп рұқсат сұрадым», – деді Исламхан.
Еске салайық, 32 жастағы жартылай қорғаушы 2025 жылғы маусымда жарақатына байланысты бірде-бір ресми матч өткізген жоқ. Ол соңғы рет алаңға 2024 жылдың 17 қарашасында Норвегияға қарсы (0:5) Ұлттар лигасының ойынында шыққан болатын.
2024 жылдың желтоқсан айының ортасында Исламхан жанұясымен Шымкент–Тараз тас жолында жол апатына ұшырап, қаңтар айында ота жасатты. Осыған байланысты ол маусым басын өткізіп алды. Қыста «Тұранмен» келісімшартқа отырғанымен, түркістандық клуб сапында дебют жасай алмады.
Шілде айында футболшы елордалық «Астанаға» қайта оралды. Бас бапкер Григорий Бабаян бұл трансферді құрамды күшейту емес, апаттан кейін оңалту шараларынан өтіп жатқан ойыншыға қолдау көрсету мақсатында жасалғанын мәлімдеген еді.
Бауыржан Исламхан мансабында Қазақстан чемпионатының алтынын жеңіп, төрт рет ел Кубогын және екі рет Суперкубокты иеленген. Ол үш мәрте (2014, 2016, 2019) Қазақстанның жыл футболшысы атанды. Ұлттық құрама сапында 56 ойын өткізіп, төрт гол және тоғыз нәтижелі пас авторы болған.
Читайте также
Главные новости
Турнирная таблица
Актобе
Астана
Кызылжар
Кайрат
Иртыш
Ордабасы
Елимай
Женис
Кайсар
Окжетпес
Атырау
Улытау
Каспий
Алтай
Тобол
Жетысу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Челси
Ливерпуль
Брентфорд
Эвертон
Борнмут
Фулхэм
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Кристал Пэлас
Брайтон
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Валенсия
Райо Вальекано
Севилья
Жирона
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Аугсбург
Гамбург
Унион Берлин
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Майнц
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Рома
Ювентус
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Лацио
Удинезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Торино
Лечче
Фиорентина
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Ренн
Лилль
Монако
Страсбур
Брест
Лорьян
Анже
Тулуза
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов