«Хартс» халықаралық үзіліс кезінде Чесноков пен Кенжебекті бақылайды
31 августа, 12:25

Фото: Ислам Чесноков
«Хартс» клубының скауттары қазақстандық вингерлердің алдағы Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтардағы ойынын бақылауға ниетті, деп хабарлайды BorodAbata.kz (AS News).
Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебек біраздан бері шотландиялық клубтың назарында жүр. 25 жастағы «Тобыл» көшбасшысының трансфері қыста жүзеге асады, ал 22 жастағы «Елімай» футболшысының кандидатурасы әлі талқылануда. «Хартс» өкілдері олардың үздік ұлттық құрамаларға қарсы ойыны екеуі үшін де маңызды сынақ болады деп ойлап отыр.
4 қыркүйекте Әли Әлиев шәкірттері өз алаңында Уэльспен ойнаса, 7-сі күні Бельгияға қонаққа барады. Екі кездесу де 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Төрт турдан кейін «Хартс» Шотландия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.
Читайте также
Главные новости
Британский журналист — о выходе «Кайрата» в ЛЧ: гиганты Европы ненавидят такие выезды
1Косович — о выходе «Кайрата» в ЛЧ: они заслужили — даже Сатпаев бегал как сумасшедший
2Турнирная таблица













































































































