Анарбеков Қазақстан құрамасына шақырту алған Заруцкийді алмастыстырады
25 августа, 15:32

Фото: Темірлан Анарбеков
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс және Бельгия құрамаларына қарсы өтетін матчына шақыртылды, деп хабарлайды BorodAbata.kz (AS News).
Еске салайық, Александр Заруцкий Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы «Селтикке» қарсы бірінші кездесуде жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің айтуынша, қақпашының қалпына келуіне бір айдан астам уақыт қажет.
Заруцкийдің ұлттық құрамадағы орнын кеңейтілген тізімге енгізілмеген «Қайраттағы» әріптесі Темірлан Анарбеков басады.
Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді: 4-не Уэльсті қабылдайды, үш күннен кейін сырт алаңда Бельгиямен ойнайды.
Читайте также
Главные новости
Жалмагамбетов — о выходе «Кайрата» в ЛЧ: Анарбеков выдал отличный матч, но победу сделал коллектив
1Бывший вратарь «Кайрата» — о перфомансе Анарбекова: тренер проделал огромную работу
3Турнирная таблица













































































































